«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан мен Қытай: бизнес-ынтымақтастық арқылы экономикалық көкжиектерді кеңейту

2024 жылғы 28 Тамыз
- Алматы қаласы
3358 просмотров

Дереккөз: inbusiness.kz

Алматы тағы да Қытай кәсіпкерлерінің назарында. Бұл жолы мегаполиске Чжэнчжоу қаласының жетекші компанияларының басшыларынан құралған делегация келді. Алматы кәсіпкерлерімен өзара іс-қимыл жасау үшін «Атамекен» өңірлік палатасының қабырғасында диалог алаңы ұйымдастырылды.

Чжэнчжоу - Қытайдың орталық бөлігіндегі Хэнань провинциясының ең үлкен қаласы. Делегацияны басқарған қала әкімінің орынбасары Жан Шанхуй өз презентациясында бизнестің негізгі бағыттары туралы айтып берді. Ол тоқыма, құрылыс, фарфор, керамика, пиротехника өндірісі, сыртқы сауда, туризм және т.б. 1200 ірі кәсіпорындармен ұсынылған Чжэнчжоу қаласы – Жаңа Қытай өнеркәсібінің жаңа орталығы ретінде танымал, ежелгі патшалықтың сегіз астанасының бірі саналады. Бұл кәсіпорындардың барлығы халықаралық ынтымақтастыққа ашық. Алматыда қазіргі таңда 398,4 мың бизнес-субъектілері тіркелген. Бұл Қазақстан Республикасы бойынша барлық тіркелген субъектілердің 18% -құрайды. Мегаполис көрші ел өкілдерін қызықтыратыны да сол.   

Мемлекет пен бизнестің байланыстырушы «көпірі» бола отырып,  «Атамекен» отандық кәсіпкерлерге халықаралық ынтымақтастықты қалыптастыру бойынша үлкен және жоспарлы жұмыс жүргізуде. Бұған мысал ретінде ағымдағы жылдың сәуір айында ШҰАА-да құрылған «Атамекен» ҰКП-ның және Алматыдағы ШҰАА ұқсас бизнес палатасының өкілдігі болып табылады. Бизнес Палата, бизнес-инкубаторды қоса отырып, халықаралық деңгейде жұмыс істегісі келетін немесе бірлескен кәсіпорындарды дамытуға инвестиция салғысы келетін екі ел кәсіпкерлерінің бірнеше кездесулерін өткізді.

Кездесуге қатысқан отандық кәсіпкерлер өз кейстерін таныстырып, ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Бұл тізімде электр желілері үшін электр жабдықтарын жеткізуде, көлемді жүк тасымалы, туризм және т. б. салаларда жұмыс істейтін кәсіпорындар бар.

«Атамекеннің» басты міндеті-бизнеске көмек көрсету. Біз келіссөздер алаңын ұсынуға, сондай-ақ екі тараптың кәсіпкерлерін қажетті кеңестік, заңгерлік қолдаумен сүйемелдеуге дайынбыз», - деп атап өтті Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директорының  шағын кәсіпкерлікті және халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі орынбасарының м.а. Жанар Төребекова.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер