«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Петропавлда «Бір ауыл - бір өнім» жобасына қатысушылардың көрмесі өтуде

2024 жылғы 29 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
5031 просмотров

Биыл Солтүстік Қазақстан облысының 24 тауар өндірушісі өз өнімдерін ұсынды.

Еске салатын болсақ, БАБӨ жобасы «Атамекен» ҰКП және оның өңірлік палаталарымен «Мен кәсіпкер» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Ол жергілікті шикізат өнімдерін әзірлеуге және ілгерілетуге бағытталған және кем дегенде бір бәсекеге қабілетті өнімнің жергілікті өндірісін дамыту тұжырымдамасына негізделген.  Бұл идея Жапонияда басталды.

Көрмеге қатысушылар мен қонақтарды қарсы ала отырып, СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Есжан Оразалин бүгінгі іс-шараның басты мақсаты бірегей өңірлік өнімді табу және жергілікті бренд құру екенін еске салды.

«БАБӨ жобасының мақсаты – өңірлерді дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту, бәсекеге қабілетті, сапалы өнім өндіруде кәсіпкерлерді қолдау, халықты бірегей өңірлік өнім жасауға тарту. Өткен жылы осы жобаға облысымыздың 16 өндірушісі қатысса, бүгінгі жәрмеңкеде 24 кәсіпкер өз өнімдерін ұсынады. Бұл қала тұрғындарымен қоса, ауыл тұрғындары да. Олар сүт, ет, бал, нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, ұлттық үлгідегі киім және тоқыма бұйымдары, ағаштан жасалған бұйымдар, кәдесый өнімдері және т.б. өндіреді», - деп атап өтті Есжан Оразалин.

"Бір ауыл - бір жоба" жобасына қатысушыларды  Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дархан Әмірин де құттықтады. Ол жобаның сәттілігіне сенім білдіріп, қатысушыларға өз идеяларын жүзеге асыруда сәттілік тіледі.

Бүгінгі көрменің қорытындысы бойынша жобаның екінші кезеңіне өтетін он қатысушы іріктеледі. Бұдан әрі олардың арасында бренд-комитеттің шешімімен өңірлік турдың үш жеңімпазы таңдалады, олар өз өнімдерін «Бір ауыл – бір өнім» республикалық көрмесінде нарыққа одан әрі ілгерілете отырып ұсынуға мүмкіндік алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер