«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда Орталық Азия жеміс-жидек дақылдарының бірыңғай нарығын құру көзделуде

2024 жылғы 26 Тамыз
- Түркістан облысы
4827 просмотров

Қырғызстан Республикасының «Жидек өсірушілер қауымдастығы» ҚБ төрағасы, ауыл шаруашылығының экс-министрі Тілек Тоқтоғазиев Түркістанға іссапармен келді. Қазақстан Республикасында жеміс-жидек шаруашылығын дамыту бойынша қауымдастық өкілі мен Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.

Негізгі мақсат - Орталық Азияда жеміс-жидек дақылдарының бірыңғай нарығын құру, жидек өсірушілердің өнімдерін сатуға жәрдемдесу, тұқым шаруашылығын дамыту және жаңа технологияларды енгізу. Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев бауырлас елдің шаруаларымен ынтымақтастық шеңберінде бірлесіп жұмыс атқаруға дайын екендігін жеткізді.

Қырғызстандық меймандар Сарыағаш  ауданындағы шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты. Аширафи Шимбергенов заманауи үлгіде жылу жүйесін қажет етпейтін жылыжай салып, құлпынай өсіріп жатқан кәсіпкер. Оның айтуынша, құлпынай 24 гектар аумақта егіледі. Сондай-ақ, «Агротур» шаруа қожалығы заманауи технологиямен раушан гүлін өсіруді қолға алған. Жылыжайдың көлемі 1 га. Сапар барысында Тілек Тоқтоғазиев Түркістан облысының кәсіпкерлерінің еңбегін жоғары бағалап, тәжірибе алмасу мақсатында Қырғызстанға баруға шақырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер