«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚҚС бойынша анықталған бұзушылықтар: кәсіпкерлер хабарлама ала бастады

2024 жылғы 23 Тамыз
- Шығыс Қазақстан облысы
4408 просмотров

ШҚО кәсіпкерлер палатасында Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары осы мәселеге қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


Камералдық мониторинг бөлімінің басшысы Айнұр Заманбекова айтып өткендей, салық төлеушілер ҚҚС сомасын көрсете отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама ала бастады.


«Негізінен салық төлеушілер сатылған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша ҚҚС сомасын түсіру және есепке жатқызылған ҚҚС сомасын асыра бағалау бойынша бұзушылықтарға жиі жол береді, - деді Айнұр Заманбекова. - Камералдық бақылаудың мақсаты – бизнес субъектілеріне бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру».


Хабарлама бойынша орындауды екі жолмен жүзеге асыруға болады: салық есептілігін ұсыну немесе келіспеушілік туралы түсініктеме беру.
Маман қосымша салық есептілігін ұсынған кезде міндетті түрде 4–жолда декларацияның түрін – хабарлама бойынша қосымша және хабарламаның нөмірі мен күнін көрсету қажет екендігіне назар аударды.


«ҚҚС сомасын асыра бағалау жөніндегі хабарламаларды орындау үшін ЭШФ-да көрсетілген ЭШФ транскрипциясын алу үшін тіркеу есебінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгіну қажет», - деді Айнұр Заманбекова.


Ол сондай-ақ ҚҚС сомасын төмендету туралы хабарламаларды орындау бойынша салық төлеушілер түсініктеме беретінін жеткізді. Алайда, талдау кезінде 300.00.001-1 СЕН бойынша жолақ толтырылмағаны, жазылған шот-фактуралар бойынша сома есептелмегені анықталып, орын алған бұзушылық жойылмай қалған. Мұндай жағдайларда аталған жолды толтыра отырып, қосымша салық есептілігін ұсыну қажет.  


Егер түсіндірмелер мен салық есептілігі ұсынылса, банктік шоттар бұғатталмайды. Егер салық төлеушілер хабарламаларға жауап қатпаса, онда кәсіпкердің қаржы-шаруашылық қызметі шектеледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер