«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кездесудің арқауы - ауыл кәсіпкерлігін дамытуға көмек

2024 жылғы 15 Тамыз
- Ақтөбе облысы
2659 просмотров

Ақтөбе облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұлов пен «Ақтөбе» ӘКК АҚ-ның басқарма төрағасы Әуез Таймбетов Ойыл ауданындағы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлермен кездесу өткізді. 

Кездесу аясында Ойыл ауданы әкімінің орынбасары Нұржау Тұрғамбеков кездесудің мақсат-міндеттерімен таныстырды. Өйткені, кездесуге аудандағы «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы кәсібін бастап, игілігін көріп отырғандармен бірге ауылдық округ әкімдері, өңірлік кәсіпкерлер палатасының агроөнрекәсіп кешенінің бөлім басшысы Данабек Ержанов пен аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Ақмарал Есбатырова мен аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиалы директоры Жасұлан Ержановтар қатысты. 

"Мемлекет басшысы ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамытуға аса назар аударып отырғандығы баршамызға белгілі. Әсіресе мал шаруашылығымен айналысатын кәсіп иелері шалғай ауылдарда, тіпті ауыл сыртында орналасқан. Осы орайда, олардың кәсіптерін әрі қарай дамытуды қолдау мақсатында біз аудан орталықтарында кездесулер ұйымдастырып, оған барынша ауылдық елді-мекендерді қамтуға тырысып келеміз. Жиынға келіп, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алған кәсіпкерлер де бұндай кездесулердің олар үшін аса қажет екендігін және жиірек өткізіліп тұруын ұсынды. Біздің басты мақсатымыз - кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін анықтап, жұмыс жасау ", - деді кездесуде «Атамекен» ӨКП директоры Дидар Ержігітұлы.

Кездесуде кәсіпкерлер тиісті органдарға "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында бірқатар мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын білдірді. 

Дидар Ержігітұлы көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен Екпетал ауылының жас кәсіпкері Ақерке Күзенқұлованың жұмысымен танысты. Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы тарапынаң көрсетілген көмегі үшін Ақерке алғысын білдірді. Өйткені, ол көктемгі су тасқынынан кейін аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиалына  жүгініп, көмек сұраған еді. Палата директоры Дидар Ержігітұлының қолдауы арқасында демеушілердің көмегімен жас кәсіпкерге шаштараз қызметін көрсету үшін қажетті жабдықтарын алып беруге ұйытқы болған еді. Ақерке қазір өз кәсібін Ойыл селосында жалғастырып отыр. 

Сапар аясында палата директоры Дидар Боранқұлов Ойыл ауданы кәсіпкерлер кеңесі мүшелерімен кездесіп, кезекті кеңес отырысы өткізілді. Кездесу барысында директор кеңес мүшелерімен алға қойылған жоспарларымен танысып, бірқатар ұсыныстар айтылды.

Мұндай кездесулер бизнес өкілдерінде туындайтын мәселелерді саралап, кәсіпкерлерлікті дамыту жолында кездесетін проблемаларды шешуге мол мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер