«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасы барлықтарыңызды "Бір ауыл - бір өнім" көрмесіне шақырады!

2024 жылғы 14 Тамыз
- Алматы облысы
4129 просмотров

Алматы облысының 9 ауданынан келетін жергілікті шикізатты пайдалана отырып, өз өнімдерін өндіріп жүрген кәсіпкерлердің тауарлары қойылатын көрме Қонаев қаласында өткізілмек. Жалпы, көрме «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өтеді. Өздеріңіз білетіндей, «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі алғаш рет Жапония елінен бастау алып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға біршама үлес қосқаннан кейін, бұл жоба өзге де елдерде жүзеге асырыла бастады.

Қазіргі кезде кәсіпкерлікке қызығушылық танытып, алайда, кәсіп бастаушы ауылдық аймақтарда тұрған жағдайда, бұл жоба ауыл тұрғындарына – өте қолайлы мүмкіндік. Себебі, қатысушы аймақтың ерекшеліктерін көрсететіндей, жергілікті ресурстарды пайдалана отырып өнім шығарған жағдайда, мемлекеттен қаржылай қолдау алып, сертификатталып және маркентигтік сүйемелдеуге де ие бола алады. Айта кетейік, облыс бойынша Қонаев қаласында өтетін көрмеге 30-дан аса кәсіпкер қатысады. Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жоба, бәсекеге қабілетті кәсіпкерлердің сапалы өнім өндіруіне септігін тигізеді.

«Бір ауыл – бір өнім» көрмесі Алматы облысының барлық аудандарында өтті. Ендігі кезек, жобаның мақсаты мен талаптарына сай келетін кәсіпкерлердің өнімдері іріктеліп, Қонаев қаласының орталық алаңында жергілікті өнімдердің көрме-жәрмеңкесі өткізілмек. Қатысушылар көрме-жәрмеңкеде бағалау кезеңінен өтіп, бренд-комитет мүшелерінің шешімімен жоба финалистері таңдалынады. Жеңімпаздар жәрмеңке өткеннен кейін 10 күн ішінде комиссияның дауыс беру нәтижелері бойынша анықталады. Нәтижесінде, жеңімпаз мемлекет тарапынан кәсіпкерлік оқудан өтіп, өз кәсібін дөңгелетуге қаржы ұтып алу мүмкіндігіне ие.

Еске сала кетейік, Отандық тауар өнідірушілердің, яғни облысымыздың ерекше өнімдері мен түрлі бұйымдардың куәсі болғыңыз келсе, сіздерді Қонаев қаласының Орталық алаңында сағат 10:00-де күтеміз. Келіңіздер, тамашалаңыздар!

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер