«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көкшетауда «Бір ауыл - бір өнім» көрмесі өтеді

2024 жылғы 13 Тамыз
- Ақмола облысы
5255 просмотров

«Бір ауыл - бір өнім» - өңірде бірегей өнім іздеу, жергілікті тауарлар мен қызметтер өндірісін дамыту, жергілікті шикізатты ғана пайдаланатын өндірушілерді біріктіруге ынталандыруға бағытталған жоба.

Қазіргі кезде өңірлік кәсіпкерлер палатасына Көкшетау, Қосшы, Степногорск, Атбасар, Ерейментау, Целиноград аудандарының тұрғындарынан 46 өтінім келіп түсті. Көрмеге қатысушылар ұсынған жобаларының ауқымы өте кең: нан-тоқаш, ет-сүт өнімдері, жартылай дайын өнімдер, вермикомпост, зергерлік бұйымдар, жиһаз өнімдері, бөдене өсіру және тағы басқа өндіріс. Жобаларды мемлекеттік органдар, ӨКП, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіретін жұмыс тобы бағалайтын болады. Көрме қорытындысы бойынша алдағы кезеңдерге он жоба іріктеледі.

«Біз көрмеге қатысу шарттары бойынша қолайлы жобалар пулын қалыптастыруды жалғастырамыз. Өтінімдер 19 тамызға дейін қабылданады. Жобаға шағын және орта бизнес субъектілері, кәсіпкерлік бастамасы бар халық қатыса алады. Іріктеу қорытындысы бойынша біз финалистерге жобаларды одан әрі сүйемелдеу, сауда маркасының дизайнын әзірлеу, қаптау және өнімді қазақстандық немесе халықаралық сауда алаңдарына шығару бөлігінде ақпараттық-консультациялық қолдауды қамтамасыз етеміз», - деп атап өтті Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.


Көрме осы жылдың 21 тамызында «Көкшетау» қонақ үйінің алаңында өтеді. Көрме сағат 10.00-де басталады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер