«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кеңес отырысында кәсіпкерлердің көтерген мәселесі талқыланды

2024 жылғы 09 Тамыз
- Түркістан облысы
4492 просмотров

Бүгін кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысы өтті. Жиынға кеңес мүшелері, мемлекеттік орган басшылары және облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амирова қатысты. Күн тәртібінде алғашқы болып «Ертегілер әлемі балабақшасы» ЖШС-нің мәселесі бойынша Түркістан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қызметкерлерінің іс-әрекеті талқыланды.

Балабақша әкімшілігі мектепке дейінгі балалар мекемесінің ғимаратында медициналық қызметпен айналысуға лицензия алу барысында кедергілер туындағаны жеткізді. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Орынбасар Кабиштаев бұл әрекетті қолдан жасалып отырған кедергі деп баға берді.

Сондай-ақ, өңіріміздегі кәсіпкерлер салық органы тарапынан шаруа қожалықтарының есеп шоттарын бұғаттау әрекеттеріне қатысты құқықтық көмек сұраған. Дара кәсіпкер мен шаруа қожалықтары кірістерінің болмауына қарамастан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерінің тиісті шоттарға аударылмау себебінен есеп шоттары бұғатталған.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Арынбаев көтерілген мәселені мұқият тыңдап, назарға алатындығын атап өтті. Заң шеберінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп, оң шешімін табуға ықпал жасалатындығы сөз болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер