«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кедендегі әділдік: кәсіпкерлер «Атамекен» ҰКП көмегімен 15,6 млрд теңге сақтап қалды

2024 жылғы 07 Тамыз
4865 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметінің маңызды бағыты сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын компаниялардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

Бүгінде елімізде 62 мыңнан астам кәсіпкер осындай бизнеспен айналысады. Айта кетейік, олардың саны өткен жылы 2022 жылмен салыстырғанда 26,5%-ға, ал 2021 жылмен салыстырғанда 2 есеге өскен.   

Кедендік және салықтық тексерулер бойынша сотқа дейінгі апелляция аясында Палатаның жұмысы айтарлықтай жоғары тиімділікті көрсетуде. Қаржы министрлігі жанындағы Апелляциялық комиссия отырыстарында компаниялар сот органдарына жүгінгенге дейін оларға қатысты мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін тексерулердің заңсыз нәтижелеріне қарсы шағымданып, істі оңынан шешу мүмкіндігіне ие. Оның құрамына мемлекеттік органдардың (Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитеті, Ұлттық экономика министрлігі) өкілдерімен қатар, ҰКП өкілдері де кіреді.     

ҰКП Кедендік әкімшілендіру департаментінің басқарушы директоры, Комиссия мүшесі Дина Мамашеваның айтуынша, шағымдарды шешудің артықшылығы – Мемлекеттік кірістер органдарының объективті ұстанымынан бөлек мүдделер қақтығысының болмауы және кәсіпкердің мәселені талқылау кезінде жеке қатысу мүмкіндігі бар екенін алға тартты.

«Біздің сарапшылар әр шағым бойынша үлкен талдау жұмыстарын жүргізеді. Тексеру актілерінде заңсыздық белгілері болған жағдайда, біз кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін Ұлттық палатадан негізделген тұжырымдама дайындаймыз. Осындай тәсілдің нәтижесінде, кезінде Палатаның бастамасымен құрылған Комиссия 7 жыл ішінде (2017 жылғы 1 шілдеден бастап, 2024 жылғы 1 шілдеге дейін), 153 шағым бойынша кедендік тексеру актілерін заңсыз деп таныды. Бизнес пайдасына түскен қаражаттың жалпы сомасы 15,6 млрд.теңгеден асты», - деді Дина Мамашева.    

Ол сондай-ақ 41-жағдайда 4,9 млрд.теңге сомасына Ұлттық палата Қаржы министрлігіне бизнестің пайдасына заңнамалық негізделген қорытындылар жолдағанын, бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды Мемлекеттік кірістер органдарының өздері Комиссияда қаралғанға дейін кері қайтарып алғанын атап өтті. Себеп – жасалған тексеру актілерінің сапасыздығы және Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары жүргізген қорытындылардың дәрменсіздігі.

Осылайша, «Атамекен» ҰКП араласуымен сотқа дейінгі апелляция шеңберінде отандық кәсіпкерлер 21 миллиард теңгеге 194 шағым (43%) оңынан шешілді, бұл тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жөніндегі өтініштердің үшінші бөлігінен асып түсті. Бір шағымданудың орташа сомасы 108,2 млн.теңгені құрады.

«Алайда, Палатаның Комиссияда бір ғана мүшесі болғандықтан, барлық тексерулерді тіпті заңды негіздер бойынша да қайтарып алуға мүмкін емес. Комиссияның шешімдері көпшілік дауыспен қабылданады. Сондықтан, кейде тексерушілердің компанияларға кедендік төлемдер мен салықтардың қосымша сомаларын қосымша есептеу туралы тұжырымдары толығымен заңсыз екені анық болса да, немесе тексеру актісінде кәсіпкердің кеден заңнамасының нормаларын бұзғаны туралы дәлелдер жеткіліксіз болса да, мемлекеттік органдардың өкілі болып табылатын Комиссия мүшелері бизнеске қарсы дауыс бере алады», - деп бөлісті Мамашева.

Істер осындай нәтижемен аяқталып жатса, компаниялар не қате үкіммен келіседі не сотқа жүгінетінін атап өтті.

Айта кететін бір жайт, Қаржы министрлігінің заңсыз шешімдері сот отырыстарында әділ, оңынан шешіліп жатыр. Бұл ретте, ҰКП кәсіпкерлерге заңды мүдделерін белсенді түрде қорғай отырып, қолдан келгенше көмек көрсетуді жалғастыруда. 

Мәселен, 2023 жылы Ақмола көлік прокуратурасының «Астана – жаңа қала» АЭА-да 52-шағым бойынша (2023 жылы әрбір екінші) кедендік алымдарға байланысты шығарылған заңсыз шешімде Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан 1,1 млрд.теңге сомасына кедендік төлемдер мен салықтар заңсыз есептелген. Енді олар сот алдында жауап береді.

Мысалы, ҰКП-ның қолдауымен Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Ж» ЖШС-не қатысты 19,3 млн.теңге сомасына кедендік тексеру нәтижелері аясында кедендік алымдарды есептеу туралы хабарламасы заңсыз деп танылып, күші жойылды.

Кейіннен прокуратура органдарының және МКД тарапынан түскен шағымға қарамастан, Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен өзгеріссіз қалдырылды. Ал соңғы шешімді ағымдағы жылы ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы МКД кассациялық шағымын қарау барысында шығарды.

Кейбір жағдайларда сот процесі ұзаққа созылады. Мәселен, сот органдары 2 жылдан кейін ғана «А» ЖШС-не қатысты 95,4 млн.теңге сомаға Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік тексеру нәтижелері және кедендік баж салығын есептеу туралы хабарламасының күшін жойған.

Ағымдағы жылы 3,7 млрд.теңге мөлшеріндегі қосымша есептеулердің ең жоғарғы сомасын Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің сотқа және Комиссияға ұсынған заңсыз қорытындыларына «К» компаниясы шағымданған. Сот органдары мен ҰКП компанияның қосымша есептеудің заңды негіздердің жоқтығы дәлелденіп, мемлекеттік орган өзінің хабарламасы мен тексеру актісінің күшін жоюға мәжбүр болды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан

Жалпы Ұлттық палата, біріншіден, Апелляциялық комиссия жұмысының арқасында бизнесті адал жүргізуге көмектесумен қатар, нормативтік құқықтық базаның кейбір кемшіліктерін анықтауға және қолданыстағы заңнаманың нормаларына қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

Екіншіден, тексерілетін компанияның, оларды тексеретін мемлекеттік кірістер органдарының қатысуымен өтетін кедендік тексеру актілерінің сапасы айтарлықтай жақсарады.

Үшіншіден, мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық палата тарапынан жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша дайындалған талдау материалдарынан тұратын семинар-кеңес беру форматында компанияларды оқыту жүргізіледі.

Осылайша, кедендік реттеу саласындағы тексерулердің сотқа дейінгі апелляциясы Мемлекет басшысының кәсіпкерлерге мемлекеттік аппараттың тең құқылы серіктестері ретінде көмек көрсету туралы тапсырмалары аясында қойылған міндеттерді іске асыруда негізгі тетікке айналды.

ҰКП мұндай құқық қолдану практикасы экономиканың барлық салаларында қолданылуы тиіс деп санайды. Сотқа дейінгі апелляцияны мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер тәуелсіз әрі барынша объективті деп қабылдауы тиіс. Бұл өз кезегінде отандық компаниялардың заңды мүдделерін неғұрлым толық қамтамасыз етуге және қорғауға мүмкіндік береді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер