Жақында Қонаев қаласында "Бір ауыл - бір өнім" облыстық көрмесі өтпек
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасында іскер әйелдер кеңесі өтті. Кеңеске облыстың белсенді іскер әйелдері мен кеңестің төрайымы Ботабекова Лаззат қатысты. Жарты жыл бойы кеңестің көмегімен атқарылған жұмыстар шеңберінде қорытынды баяндамалар жүргізілді.
Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Алматы облысы бойынша 1500-ден астам қыз-келіншектерге көмек көрсетілді. Өздеріңізге белгілі, Іле ауданында әйелдерге арналған коворкинг орталығы ашылған болатын. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы – әйелдерді қолдау мақсатында өз тарапынан құжаттарды реттеу, бизнес консультация, құқықтық қорғау мен кәсіпкерлердің біліктілігі мен кәсіпті дұрыс дамытуы үшін көмектер көрсетіп келе жатқандығын айқындады.
Бірнеше күн бұрын болған кеңесте іскер әйелдер кеңесінің Қарасай ауданы бойынша төрайымы орынбасары Жилкибаева Асель атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Салалар бойынша әйелдерге оқыту жұмыстар жүргізілді және аудан прокуратурасымен бірлесе инвесторлармен кездесулер мен жеңілдетілген несиелеу бойынша жобалар жүзеге асырылып, 100-ге жуық түрлі бизнес-жоспарлар жасалынғанын атап өтті. Алматы облысы бойынша зейнеткерлерге «Ұзақ өмір сүру» деп аталатын зейнеткерлерге бос уақытын тиімді өткізуге арналған орталық ашылды. Сондай-ақ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында іскер әйелдер кеңесі балабақша құрылтайшыларымен бірге биометриялық идентификациялау бойынша түсіндірме жұмыстарын да жүргізіп отырды. «Таза Қазақстан» акциясына да әйелдер кеңесі біршама үлесін қосты. Айта кетсек, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отансүйгіштікті дәріптеу мен қоршаған ортаны аялау мақсатында кәсіпкерлермен бірлесе облысымыздың қоғамдық орындарында тазалық жұмыстарын, ағаш отырғызу, гүл егу сынды істер атқарды.
Қазіргі кезде облысымызда 138 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген. Соның 42%-ы әйелдер қауымы. Демек, әйелдер өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, банк қызметтерінде, жеке кәсіпкерлікте әртүрлі маңызды қызметтер атқаруда. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры орынбасары Дуйсекенов Ержан: «Өңірлік әйелдердің кәсіпкерлік ортадағы белсенділігін күшейту және экономикалық бастамаларын қолдау мақсатында іскер әйелдер кеңесі жұмыс жасауда. 22 – тамыз күні іскер әйелдердің ұйымдастыруымен Қонаев қаласында «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі өтпек» - деп өз ойын қорытындылай кетті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: