«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Үстел дөңгелек болғанымен, көтерілген мәселелер қырлы

2024 жылғы 24 Шілде
- Алматы қаласы
4383 просмотров

Дереккөз: Алматы қ. «Атамекен» ӨКП

Сенатор Жанна Асанова креативті индустрияны Қазақстан үшін новелла деп атады. Олқылықтар мен проблемалар көп. De Monfort University Kazakhstan алаңындағы «дөңгелек үстелде» осы бағытқа тікелей қатысы бар түрлі салалардың өкілдері өткір мәселелерді талқылады. Шығармашылық бастамалар мен мәдени мұра қоғамдық қорының бастамасын Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қолдады.

Шынымен, «дөңгелек үстелде» талқыланатын тақырыптар көп болды: авторлық алымдар мен зияткерлік меншік төлемдерінің жоқтығы, даулы жағдайларда құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау, HoReCa авторлармен өзара әрекеттесуінің заңнамалық реттеушісінің болмауы және т.б. Сенатор Жанна Асанованың пікірінше, Ақын Құрманай Бақтиярқызы - көптеген хиттердің, соның ішінде ел аузындағы «Алматының түндері-ай» әнінің авторы, осы жылдар ішінде әлдеқашан  миллионер болуға тиіс еді. Бірақ,  авторлық сый ақысы айына 60 мың теңгеге ғана жуық. «А-studio» тобын құрған Байғали Серкебаев, танымал ұжымның хиттері бүгінде барлық динамиктерден естілгенімен, шығармашылығы үшін Қазақстанда көк тиын алмайды. Бұл тек саусақпен саналған  мысалдар ғана, - дейді депутат.
«Өзгеріс жоқ деуге болмайды. Белгілі өзнерістер бар. Жұмыс жүргізілуде. Біз авторлық сыйақылардың жиілеп түсетінін байқадық. Дегенімен, мөлшері өте аз. Біз айда 18, 30 мың теңгеден аламыз. Соңғы төлем 90 мың болды. Оған таң қалдық. Бірақ біздің Қордың басты міндеті - Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларын заманауи ету. Жастар сүйіп тыңдап, орындауы үшін. Бізде үлкен бағдарламалар бар, бірақ бәрі қаржыландыруға тіреледі. Қалдаяқовтың шығармалары мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларда да естілетінін ескерсек, қаржыландыру көлемі көбірек болғаны жөн, әрине. Онда, Қалдаяқовтың 95 жылдығына, содан кейін оның 100 жылдық мерейтойына  жоспарланған  біраз шаралар іске асар еді», - деп  «дөңгелек үстел» қатысушы, «Шәмші әлемі» қоғамдық қорының атқарушы директоры Ботагөз Қалдаяқова пікір білдірді.

Біздің еліміздегі креативті индустрияларды ілгерілетудегі басты өзгеріс - 43 авторға Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы мемлекеттік жіктеуішін беру болды.

«Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жанынан креативті индустрия бойынша салалық кеңес құрылды және мемлекеттік органдармен бірлесіп іске асырылған табысты кейстер бар. Биыл құрылымға өзгерістер енгізілетін болады. Біз құрамын өзгертіп толықтырамыз. Алдымен проблеманың өзін қарастырамыз, осыған сүйене отырып, тиісті мемлекеттік органдардың өкілдерін біздің алаңға шақырып, туындаған мәселені бірлесіп шешеміз. Егер бұл жергілікті сипаттағы проблема болса, жергілікті деңгейде шешетін боламыз, егер республикалық деңгейде шешілетін болса, оны одан әрі ілгерілететін боламыз», - деп түсіндіреді Алматы қаласы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жанна Мырзақұлова.

Биылғы күзден қалмай «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрияны қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралатын болады.

«Осы сәтті барынша тиімді пайдаланып ұсыныстар енгізу қажет. Сала инновациялық емес. Бүкіл әлем ұзақ уақыт бойы креативті экономиканы, индустрияны табысты дамытып келеді. Қазақстан үшін, оның мәрте-мәрте дамып келе жатқанымен, бұл әлі де новелла. Бізде қолдау да, даму да бар. Сала жоқ. Менің ойымша, жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдарға көбірек өкілеттіктер беру керек. Сонда олар қаржы қарастырып, қор қалыптастыру, бюджеттік бағдарламаларды құруға мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз -авторлар өз төлемдерін ала алатындай етіп құқықтық кеңістікті реттеу. Бұл тәжірибе бүкіл әлемде бар. Заң жобасын талқылау аясында барлық стейкхолдерлер қосылады деп үміттенемін. Мен, депутат ретінде, әрқашан қолдауға қуаныштымын, бірақ белсенді болыңыз. Шағын топтарға бөлінудің қажеті жоқ, бірігу керек. Партиялар дың жұмысын негізге ала отырып, коллоборация жасап, ынтымақтасу керек. Сонда нәтиже шығады», - деп қорытындылады Сенат депутаты Жанна Асанова.

 


 

 

 

 


 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер