«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

КӘСІПКЕРЛЕР «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫНЫҢ САТЫП АЛУ ЖҮЙЕСІН ҚАЙТА ҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАРЫН ЖІБЕРЕ АЛАДЫ

2024 жылғы 22 Шілде
4598 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Қазақстан Республикасы Президентінің «Экономиканы ырықтандыру шаралары» туралы 2024 жылғы 8 мамырдағы № 542 Жарлығын жүзеге асыру бойынша, «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы келіп түсті.

Өзгерістер сатып алу процестерінің ашықтығын және ел ішіндегі құн үлесін арттыруға бағытталған.

Айта кетейік, Қордың жылдық сатып алу көлемі шамамен 6 триллион теңгені құрайды. Бұл сома қазақстандық бизнесті қолдаудың және отандық тауар өндірушілерді дамытудың маңызды тетігі болып табылады.

Кәсіпкерлер палатасы бизнеспен бірге 8 жылдан астам уақыт бойы Қордың сатып алуларына талдау жасап, мониторинг жүргізіп келеді. Осы уақыт ішінде Палатаның және бизнестің ұсыныстары бойынша «Самұрық-Қазына» қорының сатып алу ережелеріне елеулі өзгерістер енгізіліп, соңғы 2,5 жылда отандық тауар өндірушілерге айтарлықтай қолдау көрсетілді.

«Самұрық-Қазына» қорының сатып алу рәсіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстары бар салыстырмалы кесте.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер