«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Монополиске қажет емес құнды жүк

2024 жылғы 19 Шілде
6303 просмотров

Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторда жаңа рекордтық көрсеткішке жету мүмкіншілігі артып отыр. 2011 жылы бұрын-соңды болмаған 29,7 млн тоннаға жеткен меже биыл 30 млн-нан асып түсуі ықтимал, деп мәлімдеді Логистика және тасымалдау комитетінің төрағасы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының мүшесі Бақытбек Қадыров. Алайда әлемдік нарықтағы позицияны нығайтудың орнына, астықтың егістік алқабында шіріп кету қаупі төніп тұр.     

Мұның себебі – Президенттің ЖІӨ-нің жыл сайынғы 6%-ға өсу жоспарына әлі де шешімін таппаған тасымалдау проблемалары әсер етуде. «ҚТЖ» ҰК» АҚ транзиттің орнына экспорттың сыртқы тасымалдарын талқылауды ұсынды, бұл шын мәнінде – Қазақстан экономикасына елеулі әсер етеді.  

«Мемлекет басшысының жолдауында ЖІӨ-ні екі есе көбейту міндеті қойылды, бірақ инфрақұрылым экспорт пен тасымалдауды ұлғайтуға дайын болмаған кезде мұны іске асыру мүмкін емес. Тіпті ол дайын болса да, транзиттік тасымалдар қысқармай, экспортқа кедергі келтіреді», - деді сала сарапшысы.

Нәтижесінде, күзде не экспортты қысқарту, не өз азаматтарымызға көмірге қол жеткізуді шектеу сияқты мәселелер туындауы мүмкін.  Бұл енді жай ғана бизнес мәселесі емес, бұл –ұлттық қауіпсіздік мәселесі болғалы тұр. Біз бір секторды қолдап, екіншісіне зиян келтірудеміз, деп атап өтті спикер. Магистральдық желілердің ірі операторының тасымалдарды кеңейту мүмкін еместігі туралы ұсынысы қате әрі тез арада қайта қарауды талап етеді.  

«Егер элеваторларға жүктемені азайтып, Өзбекстан мен Қытайға уақтылы экспорттауды қамтамасыз ету үшін қыркүйек-қазан айларына тасымалдауды жоспарлау басталмаса, тамыз айында көмірді жеткізу жүктемесі өңірлерге түседі. Бұған жол бермеу үшін бізде 25 шілдеге дейін уақыт бар. Егер мемлекеттік органдар шара қолданбаса, қыркүйек айында біз елеулі проблемаларға тап боламыз», - деді Қадыров.

Өткен жылдан бері Қытайға жеткізілмеген жүк мемлекетке миллиондаған доллар шығын келтіруде. Оның жалпы баламасы – 10 млн тонна жүк, агроөнеркәсіптік секторда 2,5 млн тонна.

Орын алған астық коллапсы мемлекеттік органдардың реттелмеген қызметінің, бірыңғай реттеуші құжаттың және тасымалдауды жоспарлаудың нақты құрылған жүйенің болмауының нәтижесі болып отыр. Спикер атап өткендей, ұлттық компанияның экспортқа зиян келтіретін транзиттік тасымалдар кірістеріне қаржылық мүдделілігі де бар. Тариф 2,5 есе өзгерген кезде, экспорт жылдамдығы да солай төмендейді, тиісінше тарифтердің ұлғаюы экспорттық тасымалдар жылдамдығынан алшақтамауы тиіс.

 «Егер қазір әрекет етіп, келісілген жоспар болса, бұның алдын алуға болады. Ағымдағы жағдайға дайын болу үшін элеваторлар алдын-ала дайын болу керек. Бірақ біз құрылыс-монтаж жұмыстарын үйлестірудің нашарлығына байланысты әдеттегідей осы мәселелерге тап боламыз», - дейді Қадыров.

Орын алған жағдай шұғыл әрі шешуші әрекеттерді қажет етеді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы логистикалық сектордағы жоспарларды қайта қарауға, мүдделі ведомстволардың жауапкершілігін күшейтуге және экспортты нақты қолдауды қамтамасыз етуге шақырады. Көлік министрлігі күзде астық мәселесін болдырмау үшін көмір тасымалын күшейтуге бастамашы болуы керек. «ҚТЖ» жоспарына тепе-тең тасымалдауды қамтамасыз ету үшін тетіктер құру, диспетчерлік кесте жасау және элеваторларды босату тиіс. Бұл шаралар орындалмайынша, экономика үлкен шығындарға тап болатыны сөзсіз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер