«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазіргі заманғы АТ дамыту мәселелері ЦДИАӨ министрімен өткен кездесуде талқыланды

2024 жылғы 17 Шілде
5041 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновациялар комитеті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Ж. Мәдиевпен кездесу өткізді.    

Кездесуге «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Т.Нақыпбеков, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновациялар комитетінің төрағасы В. Төреханов және комитет мүшелері қатысты.

Шара барысында қатысушылар IT саласындағы импортты алмастыру және технологиялық тәуелділікті төмендету саясатын қалыптастыру мен іске асыру, «Yellow Pages Rule», яғни мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың IT компанияларының жеке сектормен бәсекелестігі, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік электрондық ресурстарға және интеграциялық сервистерге қосу саласындағы, оның ішінде мобильді қосымшаларда мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі бәсекелестікті қорғауға қатысты мәселелерді талқылады.

Өз сөзінде «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Т.Нақыпбеков IT-комитет ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік билік органдарымен белсенді түрде өзара іс-қимыл жасап жатқанын тілге тиек етті.

Кездесу соңында Министр тоқсан сайын жүйелі түрде осындай кездесулер ұйымдастырып тұруды және тиімділікті арттыру мақсатында трекинг жүргізіп отыру идеясын қолдады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер