«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Таза Қазақстан»: Экология бизнестің негізіне айналды

2024 жылғы 12 Шілде
8008 просмотров

Жаһандық экологиялық сын-сағатта «Таза Қазақстан» жобасының елдегі қоршаған ортаны жақсартудағы маңызы орасан зор. Бұл республикалық бастама қазақстандық кәсіпкерлер үшін сенімді платформа құра отырып, қоршаған ортаны, бизнесті және жетекші кәсіпорындарды біріктірді.

Мемлекеттік мекемелермен және экологиялық ұйымдармен ынтымақтастықтың арқасында жоба Эко-бастамаларды ілгерілетіп қана қоймай, тұрақты бизнес-модельдердің дамуына да ықпал етеді. Мұндай бастаманың мысалы ретінде – «ЭкоМаркет» және «Эко наубайхана» иесі Анар Рахимованы айтуға болады. Оның кәсібі «Таза Қазақстан» жобасына сәйкес келеді. Бұдан кәсіпкерлердің экологиялық мәселелерге ден қоя бастағанын аңғаруға болады.

Салауатты өмір салтын ұстанатын кәсіпкер табиғи және пайдалы өнімдерге мамандандырылған дүкен ашқан. Бүгінде ол наубайханамен ғана айналысып қоймай, мал шаруашылығымен де айналысуды жоспарлап отыр.

«Біз бәріміз денсаулықты жақсартуға арналған сиқырлы дәрі-дәрмек іздейміз, бірақ шын мәнінде салауатты өмір салтының негізгі қағидасы – дұрыс тамақтану. Сұранысты байқап, онлайн режимде 2019 жылдың сәуірінде «ЭкоМаркет» дүкенін аштым. ( ... ) Мен сататын барлық нәрсені алдымен өзім сынап көремін және нәтижесін байқағаннан кейін ғана өнім сатылымға шығарыла бастайды», – деді ол.

Ашылғалы  бері «ЭкоМаркет» жергілікті тұрғындармен қатар, басқа аймақтардағы адамдардың да назарын аудара бастаған. «Таза Қазақстан» жобасының маңызды міндеті – қоршаған ортаны жақсартып, көгалдандыруға ықпал ететін бастамаларды қолдау.

Оның алғашқы жобасының жетістігі қарақұмық, күріш, жүгері және басқа да глютенсіз ұннан жасалатын «Экологиялық наубайхананы» ашуға шабыттандырды. Бұл өнімдер қант диабетімен ауыратын адамдар мен Аутистік спектрі бұзылған балалар арасында сұранысқа ие болды.

 «Ниет білдірушілер көбейіп, екі жыл бұрын біз наубайхана аштық. Ол жерден тек нан ғана емес, сонымен қатар кондитерлік өнімдер, торттар, қантсыз вафли, қант алмастырғыштар мен сироптар сатып алуға болады», – деді Анар.

Сонымен қатар, өз кәсібін кеңейту мақсатында тауық өсіру және экологиялық таза өнім өндіру жоспарлары бар екенін алға тартты.

«Бүгінде біз тауық өсіріп, оларға ұнтақталған жүгері, бұршақ, тары береміз. Алдағы уақытта өндіріс ашу да жоспарда бар», - деп бөлісті кәсіпкер.

Наубайханасы ашылғаннан бері Анар Рахимова биологиялық ыдырайтын қағаз экопакеттерді пайдаланады. Онда «Экомаркетте» тұрақты қаптаманы пайдаланатын брендтердің өнімі бар.

Осындай брендтердің бірін Гүлназ Ілиясова дайындаған. Үш жылдан бері Эко-белсенді пластик пакеттерді тұтынуды азайтып, сөмке, шоперлерді тоқып келеді. Ол қыркүйек айында Абай облысының кәсіпкерлер палатасы «Мен кәсіпкер» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізген «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысқан.

Гүлназ қоршаған ортаны қорғау қарапайым дүниеден басталатынын жеткізді. Тіпті мың адамның екеуі әдетін өзгертсе, бұл дегеніміз жақсы көрсеткіш.

 «Әкімдіктің қолдауымен біз көп нәрсеге қол жеткізе аламыз», - деді ол.

«Бәріміз бірігіп, қоршаған ортаны қорғауға атсалысайық. Қоқысты сұрыптау – бұл тек алғашқы қадам. Егер жергілікті Эко-қорғаушылар біріксе, біз тиімді жүйені құра аламыз», - деп қорытындылады өз сөзін кәсіпкер.

Анар Рахимова мен Гүлназ Ілиясованың мысалы табысты бизнестің үлгісі ғана емес, сонымен қатар жеке бастамалар қоғамды өзгертіп, маңызды экологиялық мәселелерді шешуге қол ұшын созатын бастамалар бола алатынын аңғартқандай.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер