«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ірі инвесторларға фронт-офис прокуратурамен бірге қолдау көрсетуде - Павлодар Атамекен басшысы

2024 жылғы 12 Шілде
- Павлодар облысы
4586 просмотров

Екібастұзда бизнес үшін қала прокуратурасының Ашық есік күні өтті. Кәсіпкерлермен кездесуге Павлодар облысы "Атамекен" палатасының директоры Ерқанат Әбенов қатысты.

Модератор Екібастұз қаласының прокуроры Қанат Атығаев болды. Ерқанат Әбенов Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының базасында құрылған және өңір прокуратурасымен бірлесіп жұмыс істейтін инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі фронт-офистің жұмысы туралы айтып берді.

"Фронт-офистің жұмысы инвесторларды қолдауға және олардың мәселелерін шешуге бағытталған. Екібастұзда бірқатар ірі инвесторларға қолдау көрсетілді. Атап айтқанда, инфрақұрылымға қол жеткізу бойынша "Kazferro Limited" ЖШС, электрмен және сумен жабдықтауға қол жеткізу бойынша "ANSA Silicon" ЖШС. Басқа да бірқатар мәселелер шешілді. Бұл жұмыс Қазақстан Президентінің инвесторларды қолдау және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен де жүргізілуде. Бұл жұмыс бұдан әрі де жүргізілетін болады. Екібастұзда бізде көптеген оң мысалдар бар", - деп атап өтті Ерқанат Әбенов.

Кеншілер қаласының бизнес өкілдері жұмыс барысында кездескен түрлі мәселелерге тоқталды: geopavlodar.kz порталының жұмысындағы қиындықтар, ауыл шаруашылығы жерлерін жалға алуға конкурс жариялау тәртібі, жергілікті «Шахтер» демалыс саябағын қайта құру жоспарлары, салықтың әділетсіз алынуы, ауыл әкімдіктерінің өрт қаупі бар кезеңде кәсіпкерлердің көмегімен жер жыртуға мәжбүрлеуі және басқа да мәселелер. Жиында белгілі болғандай, кәсіпкерлерге қойылған барлық сұрақтарға жақын арада жан-жақты жауаптар беріледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер