«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ТЖ саласын дамыту Тұжырымдамасы бизнес-қауымдастықтың пікірін ескермей бекітілді

2024 жылғы 12 Шілде
7121 просмотров

«Атамекен» ҰКП Төралқасының Логистика және тасымалдау комитеті Теміржол көлігі жөніндегі шағын комитетінің отырысында темір жол саласының проблемалары мен перспективалары қаралды.

Шағын комитет отырысына Көлік министрлігі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ және салалық қауымдастық өкілдері қатысты.

Илья Сегал отырысты ашып, бизнес-қауымдастықпен сындарлы диалог негізінде Президенттің тапсырмасы бойынша қабылданған бірлескен шешімдердің оң әсерін атап өтті.

«Қытайдан Қырғызстан арқылы Өзбекстанға баламалы темір жолдың салынуына байланысты бізде Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалының көлемін сақтау және ұлғайту мақсатында тартымды жағдайлар жасау үшін шамамен 5-6 жылдай уақытымыз бар», - деп атап өтті Сегал.

Отырыс барысында ТЖ саласын дамытудың оң аспектілері атап өтілді. Мысал ретінде, жүктерді сақтау шарттарын оңайлату және Сарыағаш станциясы арқылы транзитті жақсарту, вагондарды ағымдық ағытпалық жөндеуге жіберу кезінде жүктерді тасымалдау Ережелерінен 10 есе алымды қолдануды алып тастау жөніндегі бастаманы қолдау, сондай-ақ жауапкершілік шегін 30 күнге дейін белгілеуді атап өтуге болады.  

Сонымен қатар, бизнес-қауымдастық заңнаманы жетілдіруді және экспедиторлық қызметтегі бәсекелестікті шектеу, ұлттық тасымалдаушы тарапынан нарықты монополиялау, жүктерді тасымалдау жоспарымен келіспеу, тарифтерді реттеу бөлігінде әкімшілік кедергілерді жоюды талап ететін проблемалардың бар екені анықталды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қолдайтын теңдестірілген тәсілді қамтамасыз ету үшін барлық аспектілерді егжей-тегжейлі талдап, ықтимал тәуекелдерді азайту қажет.

Қажет етілетін нақты басымдық

Күн тәртібіндегі маңызды сұрақтың бірі Мемлекет басшысының Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Теміржол көлігін дамыту бағдарламасын әзірлеу туралы тапсырмасын талқылау болды.

Осы тұрғыда ҰКП, қауымдастықтар мен көлік саласының сарапшылары «Теміржол көлігін дамытудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» жобасын әлі де пысықтау қажет екенін жеткізді.

Бағдарламаны әзірлеудегі кемшіліктер мен олқылықтар ҰКП-ның Премьер-Министр Олжас Бектеновтың атына жолдаған хатында атап өтілді.

Отырыс барысында Көлік министрлігінің «Теміржол көлігін дамытудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасының» жаңа құрылымдық форматы туралы айтылған мәлімдемесі бизнес-қауымдастық үшін күтпеген жаңалық болды.

Әзірлеушілер даму бағдарламасын Тұжырымдамаға айналдырып, оны бекітіп, алдағы күндері жариялауға жоспарлап қойған.

Көлік саласының мамандары Тұжырымдаманың соңғы нұсқасы бизнес қауымдастықпен талқыланбағанын алға тартып, қабылданған Тұжырымдаманың мазмұны, мақсаты мен міндеттерінен бейхабар кәсіпкерлер алаңдаушылық білдірді.  

Сонымен қатар, Көлік министрлігі деңгейінде қабылданған Тұжырымдама алға қойылған нақты мақсаттарға жету үшін жеткілікті түрде аса тиімді бола алмайды.

2022 жылғы 30 желтоқсанда Теміржол көлігі саласын дамытудың негізгі проблемалары мен үрдістерін ескеретін Қазақстан Республикасының Көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасын бекіту туралы атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша шағын комитет мүшелері Көлік министрі бекіткен Теміржол көлігін дамытудың 2029 жылға дейінгі Тұжырымдамасын Ұлттық палатаға жіберіп, кейін құжатты талқылауды Көлік министрлігінде ұйымдастыруға ұсыныс білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер