«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» шыңдарды бағындыруда

2024 жылғы 09 Шілде
- Алматы қаласы
5376 просмотров

Ұлттық палатаның туы теңіз деңгейінен 4367 метр биіктікке  көтерілді.

Бұл биіктік барлық алматылықтарға таныс. Шың шаһардың кез келген нүктесінен көрінеді. Ал, төбесіне шықсаңыз, миллиондаған халық саны бар мегаполис алақанда тұрғандай көрінеді. Қайталанбас әсер.

Жыл сайын Нұрсұлтан шыңына көтерілу альпиниадасы (1935 жылға дейін – Кішілматылық, 1998 жылға дейін – Комсомол шыңы, бірақ тау сүйерлердің арасында Алматы шыңы аталып кеткен) 7 мыңға дейін альпинистер мен шыңды бағындыруға ниеттелген экстремалды спорт әуесқойларын біріктіреді.

Альпинизм мен туризмді кең ауқымда танымал ете отырып, альпиниада ұйымдастырушылары - Алматы қаласының туризм басқармасы, Алматы қаласының альпинизм Федерациясы және Алматы мен Қазақстанның спорттық туристер Достастығы белсенді өмір салтын, табиғат пен экологияға саналы көзқарасты насихаттайды.

Әрине, биік шыңға көтерілу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Тек арнайы дайындықтан өткен немесе үмітін қайтсе де үзбейтіндер альпиниада кезінде бақ сынасады. «Атамекен» командасында ондай жігерлілер жетерлік.

Алматы шыңы тау әуесқойлары арасында Іле Алатауының таулы жотасындағы ең әдемі шыңы болып саналады. Сондықтан, әр бір альпиниадаға жиналатындар көп. Келгендердің барлығы міндетті түрде тіркелуге жатады, ал өздерін беріктікке сынап, шыңға шығуға ниет білдіргендермен жеке нұсқау жұмыстары өткізіледі. Қалай болса да, тау стихиясының өзіндік қайталанбас кереметі бар. Бұл жерде әр кім қол ұшын беруге, қажет жағдайда демеп жіберуге дайын. Сондықтан, бейтаныс адамдар бірден араласып, дос болып та кетеді, ал, тау сиқыры болса, алған әсерді жаңарту ниетін оятып тағы-тағы да тартып тұрады, - дейді келушілер.  

Алматы шыңына алғашқы альпиниада 1934 жылы өткізіліпті. Сол кезде шың бағындыруға ниеттелген 250 адамның 12-сі ғана мақсатына жеткен. Жыл сайын экстремалды спорт әуесқойларының саны артып келеді. Олар тек тау шыңдарын ғана емес, өмірде де кез келген шыңды бағындыруға мақсат қойған азаматтар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер