«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өнім және қызмет сапасы саласындағы жетістіктер үшін 2025 жылғы ТМД сыйлығына конкурс жарияланды

2024 жылғы 04 Шілде
4330 просмотров

2024 жылғы 20-21 маусымда өткен Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 65-мерейтойлық отырысында жоғары сапалы өнімдер мен қызметтердің экспортын ынталандыру, ТМД-ға мүше мемлекеттердің ұйымдарында инновациялық технологиялар мен тиімді басқару әдістерін енгізу, сондай-ақ өнімдер мен қызметтердің сапасы саласындағы жетістіктері үшін 2025 жылғы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығына оныншы конкурс жарияланды.

Ол ТМД Үкімет басшылары кеңесінің 2020 жылғы 29 мамырдағы шешімімен бекітілген Ережеге сәйкес екі жылда бір рет өткізіледі.

Жүлдеге өнім шығаратын және (немесе) қызмет көрсететін ұйымдар үміткер бола алады:

- байқаудың бірінші (ұлттық) кезеңінде финалға шығу;

- конкурстың алдында кемінде екі жыл ішінде өнімнің және (немесе) көрсетілетін қызметтің сапасын растауы;

- бір немесе одан да көп ТМД-ға мүше мемлекеттерге өнімді және (немесе) қызметтерді экспорттау.

Сыйлық келесі қызметкерлері бар ұйымдарға беріледі:

− 250 адамға дейін;

− 250-ден 1500 адамға дейін;

− 1500 адамнан және одан да көп

қызметтің төрт бағыты бойынша:

− өнеркәсіп өнімдерін өндіру;

− тұтыну тауарларын өндіру;

− азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру;

− қызметтер.

Конкурс жеңімпаздарын анықтау екі кезең бойынша жүзеге асырылады: стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі ұлттық органдардың конкурсқа қатысушыларды бағалау нәтижелері бойынша және ұсынылған материалдарға сараптама жүргізу арқылы тиісті ұпаймен бағалау. Сонымен қатар, конкурстың екінші кезеңі бойынша жұмыстарды жүргізу үшін географиялық орналасуын ескере отырып, басқа мемлекеттің екі сарапшысынан  тұратын сараптама комиссияларының құрамы бекітіледі.

Лауреаттарды, дипломанттарды, сондай-ақ арнайы сыйлыққа ие болған ұйымдарды марапаттау ТМД Атқару комитеті өкілдерінің қатысуымен салтанатты жиында өтеді. Байқаудың лауреаттары мен дипломанттары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады, сондай-ақ өнімдерді таңбалау кезінде және олардың қаптамасында, жарнамалық мақсаттарда және құжаттамада үш жыл бойы Сыйлық эмблемасын пайдалану құқығы беріледі.

Конкурс жеңімпаздары туралы ақпарат Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің интернет-ресурсында орналастырылады, бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпараттық-анықтамалық материалдарда жарияланады және ТМД-ға мүше мемлекеттердің Үкіметтеріне жіберіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер мен материалдар 2024 жылғы 1 қазанға дейін Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Ұлттық органдар жанынан немесе сауда-өнеркәсіп палаталары жанынан құрылған комиссиялардың хатшылықтарына (Ұлттық орган конкурсты хабарландыру, ұйымдастыру және өткізу жөніндегі функцияларды берген  жағдайда ұсынылады). 

Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы білуге болады.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер