Өскеменде жаңа ұн тарту комбинаты ашылды
Кәсіпорын «Бауырсақ» брендімен бірінші және жоғары сұрыпты ұн шығарады.
ШҚО әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов ашылу салтанатында мұндай кәсіпорын құру Мемлекет басшысының шикізатты қайта өңдеу үлесін 70%- ға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындаудың көрсеткіші болып табылатынын атап өтті. Ауыл шаруашылығы саласында жаңа өндірістерді ашу өңір үшін маңызды екенін жеткізді.
Компанияның басқарушысы Дулат Жеңісхановтың айтуынша, бидай өңдеу комбинатының өндірістік қуаты тәулігіне 60 тоннаны құрайды. Одан 45 тонна ұн, жемге 15 тонна кебек алынады. Сонымен қатар жарма ұнтағы өндірілетін болады.
«Ұнның сапасы, әрине, бастапқы шикізат – бидайға байланысты, сондықтан жергілікті шаруалардан сатып алуды жоспарлап отырмыз», - деді Дулат Жеңісханов.
Диірмендер тәулік бойы жұмыс істеген кезде 40 адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі.
ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаевтың айтуынша, отандық өндірісті дамытатын кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау, консультациялық сүйемелдеу, сертификаттарды ресімдеуге көмек көрсетіледі.
Айта кетейік, өндіріс «Normal Work» ЖШС базасында құрылған.
Инвестиция көлемі шамамен 400 миллион теңгені құрайды: 300 миллион теңгеге Түркиядан арнайы жабдық жеткізіліп, 100 миллион теңгеге комбинат ғимараты, бидай мен ұнға арналған қоймалар жабдықталды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: