«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Форт-Шевченко қаласында Түпқараған ауданының кәсіпкерлерімен кездесу өтті

2024 жылғы 14 Маусым
- Маңғыстау облысы
2259 просмотров

Кәсіпкерлердің мәселесін тыңдауға Маңғыстау облыстық Атамекен кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев пен облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев қатысты.

Жиын басында Атамекен кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Алтынгүл Жайлыбаева палата жұмысымен таныстырды. Оның айтуынша кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытында белсенді жұмыс атқарылып жатыр. Мәселен 2022 жылдың жартыжылдық қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің 386 млн теңге мүддесі қорғалғалса, былтырғы көрсеткіш 250 пайызға артқан. Яғни 2023 жылдың жартыжылдығы бойынша кәсіпкерлердің 979 млн теңге мүддесі қорғалды.

Сондай-ақ, палата кәсіпкерлердің жобасын сүйемелдеумен айналысады. Әрі барлық қызмет тегін көрсетіледі. Жыл басында Ұлттық экономика министрлігі жоспар бекітіп, соның 59 пайызы орындалды.

Бұдан бөлек Маңғыстау облыстық Атамекен кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған 8 салалық кеңес қарқынды жұмыс істеп жатыр. Салалық кеңестерде талқыланған мәселелер хаттамамен бекітіліп, Атамекен ҰКП орталық аппаратына жолданады.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында бірінші өңірлік форум ұйымдастырылып, ұлттық жоба бойынша жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 250 млн теңге бөлінді.

Ал субсидиялау бойынша Маңғыстау облысы өңірлер арасында бірінші орынға ие болды. Яғни өңірде 560 жоба қолдау тапқан.

Жиын барысында Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының қаржылық-несиелік қолдау бөлімінің басшысы Парасат Жамелбек кәсіпкерлерге несие алудың жолдарын түсіндірді. «Атамекен» микроқаржы ұйымы» ЖШС- ның директоры Ботагөз Сынабаева да кәсіптік жобаларды қаржыландыру жүйесіне тоқталды. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ң Маңғыстау облысы бойынша филиалының кредит беру бөлімінің бас маманы Дамир Таумаш, «Каспий» ӘКК АҚ» инвесторлар мен кәсіпкерлерді қолдау департаментінің бас маманы Сәуле Турова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ң Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Берик Кадиров кәсіпкерлікті дамытудың бірнеше тетігін айтты.

Кездесуде құзырлы органдардың Шағын және орта бизнес субъектілері үшін 2024 жылы жоспарланып отырған тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауға дайындығы пысықталды.

Ал санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары кәсіпкерлерге қандай да бір кәсіп ашатын кезде ең алдымен санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алудың маңызды екенін ескертті.

 

Түпқараған ауданы бойынша салық басқармасының бас маманы Айнұр Майлыбаева кәсіптегі салыққа қатысты бірнеше мәселені атап өтті.

- Қазір хронометраждық ьалдау жүріп жатыр. Талдау барысында бір кәсіпкер жартыжылдық есебін 500 мың теңге көрсеткенін байқадық. Оны өткен жылмен салыстырып қарадық, едәуір айырмашылық бар екен. Шындығында ол кәсіпкердің 6 айдағы табысы 12 млн теңге болғанын анықтадық. Осындай фактілер бар. Сондықтан мұндай құқықбұзушыларға жол бермеңіздер. Салықтық мәдениетімізді арттыруға шақырамын, - деді Айнұр Майлыбаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер