«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Биыл «Алтын сапа» премиясы өткізілмейді

2024 жылғы 13 Маусым
5775 просмотров

Құрметті кәсіпкерлер және бизнес өкілдері!

 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мемлекет басшысының су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеу туралы тапсырмасын орындау және бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын тапсыру рәсімі және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы келесі жылға қалдырылғанын хабарлайды.

Сондай-ақ, сыйлық Қазақстанның жаңа экономикасын құру, өз өндірісін дамыту және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын үздіксіз арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс туралы» ҚР Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығымен бекітілген.

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына конкурс заманауи менеджменттің даму тенденцияларын ескеретін және Еуропалық сапа сыйлығының үлгісімен үйлестірілген үлгі бойынша өткізіледі. Сонымен қатар, критерийлер өнімдер мен қызметтердің сапасы саласындағы жетістіктері үшін ТМД сыйлығына сәйкес келеді. Ол менеджменттің жетекші рөлін, ұйымның сапа саласындағы саясаты мен стратегиясын және тұтынушылардың өнім мен қызмет сапасына қанағаттануын сипаттайтын көрсеткіштердің маңыздылығын күшейтеді. Модельді пайдалану ұйымдардағы жұмыс сапасының деңгейін неғұрлым егжей-тегжейлі бағалауға мүмкіндік береді.

«Алтын сапа» байқауына жыл сайын елімізде 200-ге жуық кәсіпорын қатысады.

«Алтын сапа» сыйлығы туралы толық ақпаратты https://altynsapa.kz/ ресми сайтынан білуге немесе ҚР «Атамекен» ҰКП Бірыңғай байланыс орталығының 1432 нөміріне тегін қоңырау шалуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер