Өскеменде кафе иесі 21 жасқа толмаған адамға алкоголь сатпағанын дәлелдеді
Кәсіпкерлер ШҚО Кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгініп, өз құқығын қорғады.
ШҚО Кәсіпкерлер палатасының заңгері Алыстан Маратовтың айтуынша, қалалық полиция басқармасының учаскелік инспекторы ойын-сауық мекемесіне шақыруға келіп, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексі 200-бабының 2-тармағында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады.
«Кафеде 21 жасқа толмаған адамға сыра сатылды», - деп нақтылады Алыстан Маратов.
Кафе иесіне 300 мың теңгеге жуық айыппұл салынады.
Іс материалдарынан құқық бұзушылықты жасағаны туралы ешқандай дәлел жоқ екені белгілі. Кафеден бейне жазба ұсынылмаған. 21 жасқа толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді сатып алғаны туралы құжаттық дәлел жоқ, өйткені үш адам тапсырыс берген.
Төлемді белгісіз тұлға ЖШС шотына емес, белгіленбеген тұлғаның жеке шотына аудару арқылы жүзеге асырады.
«Бұл ретте аударым сомасы мәзірдегі бағаларға сәйкес келмейді. Куәгер банк карточкасына нақты не төленгенін түсіндіре алмады», - делінген Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысында.
Айта кетейік, мекемеде белгіленген уақытта алкогольді сатуға тыйым салу және 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым туарлы ақпараттық жазбалар бар. Қызметкерлермен жасалған келісімшартта заңнама талаптарын сақтау туралы міндеттер жазылған.
ӘҚБтК-нің 10-бабының 3-бөлігіне сәйкес кінәлілікке қатысты кез келген күмән әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамның пайдасына шешіледі.
Істі қарау нәтижесі бойынша сот әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарды.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: