«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҰКП-да табиғат жанашырлары марапатталды

2024 жылғы 03 Маусым
5969 просмотров

Бүгін «Атамекен» ҰКП-да Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай салтанатты іс-шара өтті.

Жиында еліміздің экологиялық және экономикалық әлеуетіне үлес қосқан салалық қауымдастық өкілдеріне, кәсіпорын экологтарына марапаттар табысталды. Шараға ECOJER, KazWaste, KazEnergy, республикалық тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының, Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының, пакерлер қауымдастығының және бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Гүлнәр Бижанова жиынға қатысушылардың еңбектерін бағалап, кәсіби мерекелерімен шын жүрегімен құттықтады. 

«Эколог мамандығының мәртебесі дәрігер мен мұғалім мамандығынан кем емес. Еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту баршамыздың негізгі міндетіміз. Себебі, өскелең ұрпақ алдында жүзіміз жарқын болуы тиіс. Мемлекеттік органдармен және Парламентпен тиімді байланыс орнатуға бағытталған жұмыстарды жүйелеу біз үшін өте маңызды болып қала береді», - деді Гүлнәр Бижанова.

 Палатаның бизнес-қоғамдастықпен бірлескен жұмысының маңыздылығын айта отырып, спикер экономиканың әртүрлі салаларында шешілген бірқатар негізгі проблемаларды атап өтті, соның ішінде:

  • қалдықтарды жинау және қайта өңдеу саласын қаржылық қолдау бағдарламасын қайта бастау;
  • экологиялық рұқсаттарды алғанға дейін рәсімдерді оңтайландыру;
  • газды жағу кезінде шығарындылар үшін айыппұлдарды есептеуде мұнай-газ саласына қатысты кемшілікті жою;
  • жол картасына сәйкес автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнату туралы талапты кейінге қалдыру;
  • қызметті жоюды қаржылық қамтамасыз ету талабын кейінге қалдыруды қамтамасыз ету.

Сондай-ақ Гүлнәр Бижанова ҰКП мен салалық бірлестіктердің табиғатты қорғау заңнамасын жетілдіру бойынша бірлескен жұмысының қорытындысын жариялады.

«Бірлескен жұмыстарымыздың нәтижесінде біз бизнестің бірқатар проблемалық мәселелерін шешуде жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Бірақ Мәжіліс депутаттары бастамашы болған Су кодексінің жобасы мен Экологиялық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша бізді әлі де көп жұмыс күтіп тұр», - деп Гүлнәр Бижанова сөзін қортындылады.

«Атамекен» ҰКП қызметкерлері де кәсіпкерлік саласының мүдделерін ілгерілетудегі кәсіби қызметтері үшін марапатқа ие болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер