«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Аттестациядан өтпеген гидтер тарихымызды бұрмалайды

2024 жылғы 31 Мамыр
- Алматы қаласы
6953 просмотров

Дереккөз: 365info.kz

Туристік саланы дамытуға үлес қосып жатқан кәсіпкерлердің ойынша, гид – саяхаттаған мемлекеттің бет-бейнесі

Белгілі бір туристік объект туралы тарих пен қызықты фактілерді мұқият тыңдайтын туристердің үлкен топтарын қазіргі таңда жиі көруге болады. Дегенімен, бұл әңгімелердің барлығы шындыққа жанаспайды. Туризм саласында заңды негізде жұмыс істейтін кәсіпкерлердің пікірінше, бүгінде «сертификатталмаған» гидтер санының бақылаусыз өсу үрдісі байқалады. Олар көбінесе жеке объектінің, аймақтың,  тіпті елдің тарихын бұрмалайды. Мұны қалай тоқтатуға болады? Бұл сауал Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП жанынан құрылған жұмыс тобымен талқыға салынды.  Топ құрамына әкімдіктің, мемлекеттік кірістер департаментінің, көші-қон полициясының өкілдері, туризм бойынша жеке полиция взводының қолбасшылығы және туризмді дамыту саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер кірді. Біраз ұсыныстар да айтылды. Алайда, заң бойынша жосықсыз кәсіпкерлерге шара қолдануға мүмкіндік жоқ. Ал, аталған фактілер республиканың барлық өңірлерінде бұрыннан орын алуда.

Әрине, саяхатшылар гидпен кәсіби сүйемелдеу үшін Қазақстан Республикасының экскурсоводтары мен гидтерінің тізіліміне жүгіне алады. Ол kaztour-association.com. сайтында бар. Ресурста белгіленгендей, «Экскурсоводтар мен гидтерінің тізілімі – арнайы навигатор. Оның көмегімен Қазақстанның кез келген қаласында немесе аймағында аттестатталған, аккредиттелген, сертификатталған (және, әрине, Тізілімге енгізілген) экскурсовод пен гидті табуға болады».

Бірақ көбінесе саяхатшылар топтары, әсіресе шетелдіктер бұл ақпаратты аңғармайды, тіпті елімізде уақытша тұратын отандастарына  жылы шыраймен еріп жүреді.

Ал, негізінде бұл мәселе өте күрделі. «Көлеңкелі» гидтер заңды түрде жұмыс істейтін кәсіпкерлерге кедергі келтіргенімен қоймай, салық төлемей, саяхатшылардың демалысы қауіпсіз болуына еш бір кепіл бере алмайды.

Ұқсас жаңдай туристердің трансферімен де қалыптасуда. Лицензиясы жоқ «іскерлер» туристік автобус сатып алып, саяхатшылардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне кепілдік бере алмаса да, қалаған жергіне апара жатып жол апатына ұшырап, тіпті өлімге апарып соққан жағдайлар да жоқ емес.

Отырысқа қатысушылардың пікірінше, осы саланы реттей алатын уәкілетті орган қажет. Мәселені бастапқыда мәслихаттың қарауына жіберу туралы шешім қабылданды. Әрі қарай - заңнамаға түзетулер енгізу үшін туризм министрлігі мен Мәжіліске жолданса деген үміт артуда.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер