«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салық заңнамасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы талқыланды

2024 жылғы 29 Мамыр
- Түркістан облысы
5087 просмотров

Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы алаңында «Салықтар. Салық Кодексі және жаңа мүмкіндіктер. Цифрландыру» тақырыбында келелі кездесу өтті. Басқосуға  «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

Жиынға ҚР ҚМ МКК 1-санатты салық кеңесшісі Файзирахман Миянов пен «Салық төлеушілер және бухгалтерлер қауымдастығы» ҮЕҰ мүшесі Сара Жүнісова «Zoom» платформасы арқылы онлайн режимде қатысты. Дөңгелек үстел модераторы, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амирова салық мәселесіндегі қандайда бір өзгерістерді кәсіпкерлерге құлақтандырудың маңыздылығына тоқталды.

– Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде  жаңа салық кодексі туралы  қаржы вице-министрі Ержан Біржанов  «Айыппұлға емес, көмекке бағытталатын болады» - деп атап өтті. Сондай-ақ, заңнама  жобасында айыппұл санкцияларынан мемлекеттік қызметтер көрсетуге және проблемалардың алдын алуға баса назар аударылатынын, оның мақсаты – Қазақстанда салық төлеу ыңғайлы, жеңіл әрі жылдам болуын айтты. Оның ішінде өзекті тақырыптар – ҚҚС төлеушілерді тіркеу, ҚҚС қайтару, тексеру, камералдық бақылау, мәмілелерді жарамсыз деп тану, салық есептілігін тапсыру және бақылау іс-шаралары кезінде айыппұл санкциялары қайта қаралатын айтқан болатын», - деді Зухра Төлебайқызы.

 «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің басшысы, кәсіби медиатор
Бақытжан Бейсембаевтың айтуынша, жаңа заңнамаға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы ұсыныстар мақұлданса кәсіпкерлерге тиімділігі жоғары. Жиын соңында жаңа заңнамаға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы ұсыныстар айтылып, сұрақ-жауап кезеңінде тұщымды ойлар айтылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер