«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды облысының кәсіпкерлеріне тауар белгілерін пайдалану жолдары айтылды

2024 жылғы 29 Мамыр
- Қарағанды облысы
5406 просмотров

Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында Әділет департаментінің өкілдері бизнес субъектілеріне тауар белгілері, географиялық көрсеткіштер, өнеркәсіптік үлгілерді тіркеу және бизнесті жосықсыз бәсекелестерден қорғау тәсілдері туралы өзекті ақпаратты түсіндірді.Сондай-ақ, кәсіпкерлерге Qazpatent жеке кабинетінде өтінім беру және жұмыс істеуде практикалық көмек көрсетілді.

Qazpatent тауар белгілері, географиялық көрсеткіштер, тауарлар шығарылған жерлердің атаулары және өнеркәсіптік үлгілер департаментінің бас сарапшысы Майя Шарипова кәсіпкерлерге Қазақстан аумағында да, шетелде де тауар белгілерін тіркеу және пайдалану мәліметтерін түсіндірді. Маман еліміздің аумағында бірінші өтініш беру қағидасы бар екенін атап өтті. Мысалшы, тауар белгісін алғаш тіркеген адам оның құқық иесі болып табылады. Ттауар белгісін тіркеу 10 жылға жарамды, содан кейін әр он жылға ұзартылады. Барлық сауда белгілері тіркеу кезінде көрсетілген класпен шектеледі.

 Оларға жазба (жеке есімдерді қоса алғанда), әріптік, цифрлық, бейне, көлемдік (тауардың нысанын не оның қаптамасын қоса алғанда), суреттердің комбинациясы және өзге де белгілер жатады. Сауда белгілері кез-келген түс және түс комбинациясында тіркеледі.

«Тауар белгісін тіркеу оны иеленуге айрықша құқық алу үшін қажет. Тіркелген тауар таңбалары бизнесті басқа тұлғалардан қорғаудың тиімді тәсілі. Бұл шаралар үшінші тұлғалардың тауар таңбасын заңсыз пайдалануын тоқтатуға және болашақта жарнамаланған тауар таңбасын сатуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Майя Шәріпова тауар таңбаларын тіркеудің артықшылықтарын атап өтті.

Тауар таңбасын тіркеу үшін ҚР Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтына немесе qazpatent сараптама ұйымдарының сайты немесе Egov.kz. арқылы электронды түрде беруге болдаы. Өтінімде өтінім берушіні, сондай-ақ оның орналасқан жерін немесе тұрғылықты жерін көрсете отырып, белгіге сараптама жүргізу туралы өтініш; мәлімделетін белгі; тауарлардың халықаралық сыныптамасына сәйкес тауарлардың және / немесе көрсетілетін қызметтердің тізбесі қамтылуға тиіс. Өтінімге сараптама жүргізу үшін қызметке ақы төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі қоса; өкіл арқылы іс жүргізу жағдайында сенімхаттың көшірмесі; ұжымдық тауар белгісіне өтінім берілген жағдайда ұжымдық тауар белгісінің жарғысы берілуге тиіс.

«Алдын ала сараптама өтінім берілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Өтінімнің мазмұны, қажетті құжаттардың болуы, тауарлар, қызметтер тізбесінің дұрыстығы тексеріледі, мемлекеттік баж төленеді. Алдын ала сараптама нәтижелері бойынша өтініш берушіге 10 жұмыс күні ішінде өтінімнің қарауға қабылданғаны не іс жүргізуді тоқтатқаны туралы хабарлама жіберіледі. Алдын ала сараптама аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтінім туралы мәліметтер бюллетеньде апта сайын жарияланады», – деп түсіндірді компания өкілі.

Тауар белгісінің географиялық орналасқан жері де тіркеледі. Тауар таңбаларын тіркеумен салыстырғанда географиялық көрсеткіштердің артықшылықтары: - баждың құны төмен, - тауар белгісі үшін 7 айға қарағанда тіркеу мерзімі 3 ай.

Географиялық орналасқан жерді тіркеу –  объектінің тіркелген атауы бар, шындыққа сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасында тауарлар айналымына тыйым салуға мүмкіндік береді.

Тауар белгісін қорғаумен әділет органдары айналысады. Біреудің тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 158-бабында көзделеді. Осы норманы бұзу жеке тұлғаларға – 20 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 80 АЕК мөлшерінде, тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің заңсыз бейнесі бар тауарларды тәркілей отырып, айыппұл салуға әкеп соғады.   Тәркіленген контрафактілік тауарлар ӘҚБтК-нің 795-бабында көзделген тәртіппен жойылуға жатады.

 Сондай-ақ, іс-шара барысында Qazpatent жетекші сарапшылары Өнеркәсіптік үлгілерді тіркеу туралы айтып, Qazpatent жеке кабинетінде қалай жұмыс істеу керектігін көрсетті.

Іс-шара қазіргі кәсіпкерлерге пайдалы болды.

Сұрақтар туындаған жағдайда кәсіпкерлер Qazpatent бойынша жауапты маман – Азат Накеновке келесі телефон нөмірлері бойынша жүгіне алады: +77754000428, +77172621560.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер