«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ШҚО өнеркәсіп зауыттары Қарашығанақ кен орнында жұмыс істеуді жоспарлап отыр

2024 жылғы 24 Мамыр
- Шығыс Қазақстан облысы
5123 просмотров

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының алаңында жергілікті өнеркәсіптік тауар өндірушілердің KazService мұнай сервистік компаниялар одағының өкілі, жоба менеджері Жарас Адижанмен кездесуі өтті.

Маманның айтуынша, Қазақстанның ірі мұнай-газ операторларының бірі «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Компани» тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің жергілікті қамтылуын арттыруды жоспарлап отыр.

«Сондай-ақ маусымда Астана қаласында Қазақстанның өнеркәсіптік нысандарының таныстырылымыі, кәсіпорындардың жабдықтары және мүмкіндіктерімен танысу, компаниялардың ынтымақтастығы бойынша ірі форум өткізу жоспарланған», - деді Жарас Адижан.

Өскемен өнеркәсіптік арматура зауытының өкілі олар ынтымақтастыққа дайын екенін айтты. Мұнай-газ саласына ұсынуға болатын өнімдер, тиісті сертификаттар бар.

«Алайда, жергілікті нарықта өнімді ілгерілету қиынырақ, - деп атап өтті ол. Сондықтан, егер екі тараптың қызығушылығы болса, онда кәсіпорынның бірлескен жобалар үшін барлық мүмкіндік  бар».

Конденсатор зауытының маркетинг және сату жөніндегі директорының орынбасары Игорь Каменев компанияның барлық саласындағы кәсіпорындармен жұмыс істейтінін, аккредиттелген зертханасы бар екенін атап өтті. Ынтымақтастық туралы ұсыныстар бар.

Сонымен қатар, «Силумин-Восток» өндірістік-инжинирингтік компаниясы тек мұнай-газ өнеркәсібі нарығына шығады және ұсыныстарға мүдделі. Сондай-ақ, өнімдердің үлкен ассортименті бар.

Жарас Андижан басшылықтың қазақстандық қамту үлесін арттыруға қатысты жоспарларынің келешегі зор екенін сендірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер