«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаз маусымында «Қазақстан Темір жолы» Алакөл бағыты бойынша 4млн-нан астам жолаушылар тасымалданатынын айтты.

2024 жылғы 23 Мамыр
- Алматы облысы
5993 просмотров

Алматы қаласында «Қазақстан Темір жолы» АҚ мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы арасында Алакөл көлі бағытында жазғы туристтерді тасымалдау бойынша мәселелерді қарастыру үшін туроператорлар мен демалыс орындарының иелерімен кеңейтілген жиын өтті. Жиынға Алматы облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы Тимур Бекеев пен салалық бірлестіктердің мүшелері қатысты.

 

Өздеріңіз білетіндей, жазғы демалыста туристтер мен Қазақстандықтардың арасында кеңінен танылған Алакөл көліне баратын демалушылар саны жыл сайын артуда. Сол себепті, 2024 жылы “ҚТЖ” ҰК” курорттық аймақтарға жолаушылар санын ұлғайтуды және 4 млн-нан аса жолаушы тасымалдауды көздеп отыр. Сондықтан теміржол билеттер санын көбейту мен жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында кәсіпкерлер көптеген ұсыныстарын айта кетті. Соның ішінде, санитарлық қызметтерді жақсарту: биодәретханалар мен душ кабинасын орнату, қондиционерлер қою, билеттерді онлайн түрде жылдам қайтару және т.б. ұсыныстар қарастырылды.  

 

“Алакөл көліне пойыздар 12 бағыт бойынша жүреді және Ақши, Жалаңашкөл, Бескөл т.б. станцияларға аялдайтын болады. Мұнда жолаушылардың жайлылығы үшін перрондар кеңейтіліп, жөндеу жұмыстары жүргізілді, кассалар саны көбейді” - деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының стратегия және цифрландыру жөніндегі орынбасары Ахметжанов Ануар. Сондай-ақ, пойыздардың ауа өткізгіш сүзгілерін ауыстыру, вестибюльдерді бояу, титандарды, жылу жүйелерін ауыстыру, пойыздарды сыртынан жуу, кондиционерлер орнату сынды жұмыстар атқарылып жатқандығын тілге тиек етті.

 

“Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы SOS түймесі орнатылады. Бұл SOS түймесі бірден жолсерікке бағытталып, жол үстіндегі қауіпті жағдайлардың алдын-алуына пайдасын тигізеді” - деді ҚТЖ басшысы.  

 

Жиын соңында, «ҰК «Қазақстан Темір жолы» басшылығы кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, айтылған ұсыныстар бойынша кәсіпкерлердің мәселелері толық қарастырылатынын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер