«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркістан облысы мен Қытай елі фармацевтика саласында ынтымақтастығын арттыруда

2024 жылғы 23 Мамыр
- Түркістан облысы
4653 просмотров

Қытай елінде фармацевтика өнеркәсібінің, білім берудің және қолдану аясының ынтымақтастығы мен интеграциясына арналған II Халықаралық конференциясы өтті. Ғылыми жиын Қытай фармацевтикалық университетінің бастамасымен «Бір белдеу - бір жол» тақырыбы аясында ұйымдастырылған.

16-18 мамыр күндері өткен конференцияға Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының профессорлары – Жанат Тоқсанбаева, Клара Шертаева және Қ. А. Ясауи атынағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің PhD докторы Балнұр Омарова сынды ғалымдар қатысты.

Конференция - фармацевтика саласындағы ынтымақтастық үшін «Бір белдеу - бір жол» Альянсын (Belt and Road International Pharmacy Conference BRI PC) құруды көздейді. Басты мақсаты – фармацевтика өнеркәсібінде, білім беруде және BRI серіктестері арасындағы қолдану саласында стратегиялық өзара іс-қимыл мен көпжақты ынтымақтастықты ілгерілету.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер