«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Егіншілік пен мал шаруашылығымен айналасатындар су тасқынынан залалды қалай өтей алады?

2024 жылғы 20 Мамыр
7621 просмотров

Дереккөз: Inbusiness/Midjourney

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекітті. 

Бюджеттен және бюджеттен тыс қаражаттан келтірілген залалды өтеу зардап шеккен фермерлерді қолдауға ықпал етеді. Бұл  экономиканың аграрлық секторын тұрақтандыруға және одан да ауыр экономикалық зардаптарды болдырмауға көмектеседі.

 

Су тасқынынан келтірілген зиянды өсімдік шаруашылығы бойынша өтеу тәртібі

Әкімдік ЖАО, ІІМ, ӨКП және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен құрамында 7 адамнан кем емес комиссия құрады.

Әкімдіктің ресми сайтына келтірілген зиянды өтеу бойынша құжат қабылдау туралы хабарландыру жарияланады.

Залалды өтеу бойынша өтініштер бекітілген формамен қабылданады.

 

Шығынды өтеу туралы өтінішке мына құжаттар қоса тіркелу керек:

1) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі;

2) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі.

Ол болмаған жағдайда әкімдік жылжымайтын мүліктің бірыңғай кадастрының ақпараттық жүйесінен сұратады.

 

Құжаттар тексеріліп болған соң әкімдік мәліметтерді қарау үшін комиссияға жолдайды.

Комиссия мүшелері 10 жұмыс күн ішінде бүлінген мүлікке барып тексеру жүргізеді (жер учаскелеріне, дақылдарға, мүлікке).

Тексеру қорытындысы бойынша комиссия су тасқынынан зардап шеккендердің тізімін жасап, оны  әкімдіктің ресми сайтында орналастырады.

 

Ақша бөлу туралы шешім қабылданғаннан кейін әкімдік 3 (үш) жұмыс күн ішінде ішінде төлем шоттарды қалыптастырады.

 

Су тасқынынан келтірілген зиянды мал шаруашылығы бойынша өтеу тәртібі

Әкімдік ЖАО, ІІМ, ӨКП және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен комиссия құрады.

Әкімдіктің ресми сайтына келтірілген зиянды өтеу бойынша құжат қабылдау туралы хабарландыру жарияланады. 

Залалды өтеу бойынша өтініштер бекітілген формамен қабылданады

Комиссиялардың қабылдауы ТЖ жарияланған күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырыладыү


Өлген малдар үшін бюджеттік және/немесе бюджеттік емес қорлар есебінен өтемақылар белгіленген:

1) өлген малдың сәйкестендіру белгілері (құлақ таңбасы, маркасы, микрочипі) болуы;

2) өлген малдың сәйкестендіру белгілері жоқ, бірақ ол туралы деректер базасында болса;

3) өлген малдың орналасқан жерінің болмай, бірақ деректер базасында ол туралы мәлімет расталса

 

Құс басына келтірілген зиянның орнын толтыру, шаруашылықтардың санатына қарамастан, тиісті жою актілерінің нәтижелері бойынша комиссиямен жүзеге асырылады.

Өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін басқа көздерден өтемақы төлеу белгіленген:

1) идентификациялық белгілері жоқ өлген ауыл шаруашылығы жануарының ЖӨИ деректер қорында болмауы;

2) өлген ауыл шаруашылығы жануарының орналасқан жерінің жоқтығы және ЖӨИ деректер қорында болмауы.

 

Комиссия кемiнде 3 куәгердi тарта отырып немесе электрондық шаруашылық есеп деректерiн салыстырып, тексеру нәтижелерi бойынша актіні әзірлеп, келiсудi және меншiк құқығын анықтауды қамтамасыз етуге тиiс.

Шығын мөлшері ҚР СЖРА дерегімен ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жас-жыныс топтары, нарықтық құны айқындалады.

 

Жалпы, залалды өтеу процесі ашық және қолжетімді ұйымдастырылған. Өтінімдерді қабылдау туралы хабарландырулар әкімдіктердің ресми сайттарында орналастырылғаны көптеген адамдарға рәсімдер мен талаптардан тікелей білуге мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер