«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ШҚО-да «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы сәтті іске асып жатыр

2024 жылғы 17 Мамыр
- Шығыс Қазақстан облысы
6062 просмотров

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев құрылыс нысандарын аралады.

Өскеменде 1 қыркүйекке дейін пайдалануға берілуі тиіс екі мектеп салынып жатыр. КШТ шағын ауданындағы 600 орындық бір мектеп, ал екінші 300 орындық мектеп – Тимофеев көшесіндегі Бабкина диірмені ауданында орналасқан.

Айта кету керек, бұл аймақта ешқашан білім беру мекемесі болмаған, сондықтан ата-аналар мен балалар оны іске қосуды асыға күтеді. Қазір балалар қала мектептеріне баруға мәжбүр. Қадамдық қол жетімділікте білім ордасы жоқ. Қыс мезгілінде жету қиын, оған қрса қоғамдық көлік арасы ұзақ.

 Жоба бойынша оқу орындары балалар үшін қауіпсіз болады. Трлі пәндер бойынша оқу кабинеттері, психолог және логопед, робототехника, биотехнология кабинеттері, STEM зертханалары, хореография залы, коворкингтермен толық жабдықталады. Мектептерде 1-4 және 5-11 сынып оқушыларына арналған бөлек оқу блоктары мен спорт залдарын болады. Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қажетті жағдай жасалады.

«Құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Компаниялар тек сапалы және заманауи құрылыс материалдарын пайдаланады. Отандық өндірушілер мен жеткізушілерге баса назар аударылып жатыр, - деді Қайрат Мамырбаев. - Жеткізілімде үзіліс жоқ. Құрылысшылар нысандарды уақытында дайындау үшін екі ауысымда жұмыс істеп жатыр».

 Екі объектіде 100 адам жұмыс істеп жатыр.

 Сондай-ақ, мердігерлер және «Samruk-Kazyna» өкілдерімен бірге Қайрат Мамырбаев өңірдегі жиһаз фабрикаларына барды.

«Жобаға сәйкес, «Жайлы мектеп»  жобасына индустриялық сертификаты бар жиһаз өндірушілері ғана қатыса алады. Бүгінгі таңда өңірде осындай төрт компания бар», - деді ол.

Мектептерді жиһаз және жабдықтармен уақытында жабдықтау үшін фабрикалардың қуатын, жабдықтар, материалдардың болуын қарап, құрастыру процесімен танысып, кепілдік қызмет көрсету мүмкіндіктерін нақтылады.

Өңірдің жиһаз жасаушылары кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттыру, жабдықтарды жаңғырту, жұмыс орындарының санын және еңбек өнімділігін арттыру тұрғысынан осындай ірі келісімшарттар жасау маңызын атап өтті.

 

   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер