«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан мен Малайзия жаңа іскерлік қатынастарды орнатады

2024 жылғы 16 Мамыр
6535 просмотров

16 мамырда Астанада Қазақстан Сыртқы сауда палатасының төрағасы Мұрат Қарымсақовтың Малайзиядан келген делегациямен кездесуі өтті. Шара Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрагимнің ресми сапары және жақында өтетін Қазақстан-Малайзия дөңгелеік үстелі аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараға Малайзияның тау-кен металлургиясы, мұнай-газ өнеркәсібі, құрылыс, қонақ үй бизнесі, медицина және тұрақты даму салаларының негізгі қатысушыларынан құралған іскерлік қоғамдастық өкілдері қатысты.

Мұрат Қарымсақов кездесуде «Атамекен» ҰКП және Қазақстанның сыртқы палатасы Қазақстандағы инвесторлар мен шетелдік әріптестерге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Сондай-ақ спикер малайзиялық компанияларды нақты әріптестік келісімшарттар жасау және нақты жобаларды іске қосуға шақырды.

Сондай-ақ шараға қатысушылар жақан уақытта Қазақстан Республикасы мен Малайзия елдерінің бизнес өкілдерімен кездесуге келісті

Малайзия қазіргі кезде Оңтүстік-Шығыс Азия өңірінде  Қазақстан үшін маңызды серіктестердің бірі. 

«Атамекен» Ұлттық палатасы және Қазақстанның сыртқы сауда палатасының өкілі малайзиялық компанияларға әлеуетті серіктестер іздеу, жобаларды сүйемелдеу және B2B және B2G кездесулерін ұйымдастыруда қызметтер көрсете отырып, екі елдің бизнесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі бастамаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.

Бұл кездесу екі ел арасындағы бизнесті дамыту және ынтымақтастық орнатуда жаңа мүмкіндік ашатын экономикалық қатынастарды тереңдетудегі маңызды қадам болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер