«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҰКП, ҚМА және бизнес-омбудсмен үшжақты келісімге қол қойды

2024 жылғы 16 Мамыр
7846 просмотров

 

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) басшысы Дмитрий Малаховпен және кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі Уәкіл Қанат Нұровпен кездесу өткізді. Тараптар Ұлттық палатаның кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша қабылдап жатқан шараларын, сондай-ақ бизнесті негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғау мәселелерін талқылады.

Райымбек Баталов ҚМА басшысына адал кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау орбитасына тартуға жол бермеу бойынша жүйелі жұмысы үшін алғыс білдірді.

«Мемлекет басшысы бірнеше рет айтып өткендей, адал бизнесті қылмыстық қысымнан қорғау өте маңызды. Мұндай жұмыстардың іргетасы қаланып, оң қоғамда оң пікір қалыптасты. Кәсіпкерлерге қатысты тіркелген істердің саны 2 есеге азайды. Әрине, бұл көрсеткіштер бизнес қауымына жағымды әсер етеді», - деді Райымбек Баталов.

Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП басшысы бірнеше өзекті мәселелерді де қозғады. Атап айтқанда, қылмыстық іс жүргізу шеңберінде мүлікке билік етуге, мәмілелер мен басқа да операцияларға шектеу қою жайында сөз қозғалды. Осылайша, залалды өтеу үшін жеке кәсіпорынның ғана емес, оның контрагенттерінің де барлық мүлкі мен шоттарына тыйым салынады.

«Бұл компаниялардың жұмысын тоқтатып, жеткізушілерге төлем жасауға, қаржылық және салықтық міндеттемелерді орындауға кедергі келтіреді. Ақшаны тек шығын көлемінің шегінде, яғни бизнес қалыпты жағдайда әрі қарай жұмыс істей беруі керек», - деп атап өтті Райымбек Баталов.

Ұлттық палата басшысы бұған дейін ҚР Президентінің тапсырмалары аясында кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін еске салды. «Атамекен» ҰКП бұл үдеріске белсене қатысып, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға қатысты бастамаларды көтерді.

Осылайша, Қылмыстық-процестік кодекске қабылданған түзетулер кәсіпкерлікті қылмыстық процеске тартпай, есептелген салықты толық өтегеннен кейін қылмыстық іс қозғауды алып тастайды.

«Ұлттық палата алдағы уақытта да атқарылып жатқан жұмыстарға қатысуға дайын, сондай-ақ, бірлескен шаралардың әлеуеті зор екенін сеніммен айта аламын. Сондықтан, кездесудің нәтижесі бизнесті қылмыстық қудалау орбитасына негізсіз араласудан қорғау үшін өзара іс-қимылымыздың контурын анықтау болуы керек», - деп сөзін қортындылады Райымбек Баталов.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров өзінің алғысөзінде Қаржы мониторингі агенттігінің мақсаты құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлікті қорғау мен дамыту болуы тиіс екенін атап өтті.

​Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Гүлнәр Бижанова ҚМА-не  ұсыныс жасады.

«Біз «естуші мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, келіп түскен шағымдарды бірлесіп қарау тәжірибесін жаңғыртуды ұсынамыз. Сонымен қатар, біздің бастамаларымызды қолдағаны үшін Агенттікке алғыс айтамыз. Қылмыстық кодекстің 6 тармағы бойынша бас бостандығынан айырудың орнына қаржылық жазалар кеңейтілуде. Контрабанда және кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару аса ірі мөлшерде жасалған жағдайда ғана қылмыстық жауапкершілік болады», - деп мәлімдеді Гүлнәр Бижанова.

​Ол енді бизнес өкілдерінің шаруашылық субъектісі ретінде қалуға, салық төлеуге, қоғам мен мемлекетке пайда келтіруге мүмкіндігі болатынын айтты. Ол коммерциялық ұйымдар үшін ҰҚТ туралы ережелерді алып тастауға, сондай-ақ салық саласы мен кеден заңнамасындағы дауларды сотқа дейін шешу мәселесі бойынша түзетулерді кеңейту туралы ұсынысты қолдауды сұрады. 

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малахов өз сөзінде жақында Мемлекет басшысы қол қойған «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа назар аударып, ҚМА өңірлік департаменттерінің басшыларына реформаның сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына жол бермей, есептелген салық сомаларын толық ерікті түрде өтелген жағдайда мемлекеттік органның немесе соттың шешімі күшіне енгенге дейін қылмыстық істерді тіркеу керек» - деді Д. Малахов.

Кездесу соңында Қаржылық мониторингі агенттігі, «Атамекен» ҰКП және ҚР кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Уәкілі арасында өзара ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойылды.

«Бүгін қол қойылған Ынтымақтастық туралы келісім аясында көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, сондай-ақ құқық қорғау органдарының тарапынан заңдық қуғындау шаралары азаяды деп үміттенемін», - деді Қанат Нұров.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер