«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы Абу-Дабиде Best International Partner сыйлығын алды

2024 жылғы 13 Мамыр
8104 просмотров

7-9 мамырда Абу-Дабидегі ADNEC (Абу-Даби ұлттық көрме орталығы) алаңында AIM Congress 2024 ХІІІ инвестициялық конгресі өтті. Бұл ауқымды іс-шара AIM Global Foundation беделді қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

 Шараға инвестиция саласында әлемнің жетекші компаниялары қатысты.  Конгресс аясында қатысушы компанияларға өзінің озық инвестициялық жобаларын таныстыру мүмкіндігі берілді.

Конгрестің күн тәртібі шетелдік инвестиция, портфельдік шетелдік инвестиция, шағын және орта кәсіпкерлік, келешек қалалар мен стартаптар сияқты негізгі бағыттарды қамтыды.

Конгресс жұмысына әлемнің 175 елінен 12000 делегат қатысты. Барлығы 450 сессия және жоғары деңгейдегі жеті дөңгелек үстел өтті.

Қазақстанның сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов, «Атамекен» ҰКП және Қазақстанның Парсы шығанағы мен ҚХР елдеріндегі сыртқы сауда палатасының өкілі Ғани Аманбаев бастаған қазақстандық делегация Ресей Федерациясының сауда-өнеркәсіп палатасы, Мәскеу сауда-өнеркәсіп палатасы, Якутия сауда-өнеркәсіп палатасы және «Ульяновск облысының даму корпорациясы» АҚ арасында бірқатар кездесу өткізді.

 Іскерлік шара аясында Мәскеу мен Якутияның сауда-өнеркәсіп палатасымен одан әрі ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды.

 Шара соңында «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС басқарма төрағасы, «Атамекен» ҰКП Төралқа хатшылығының басшысы Мұрат Қарымсақов Best International Partner сыйлығымен марапатталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер