«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес субъектілеріне қатысты қылмыстық істерде қателікке жол бермеу

2024 жылғы 29 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
4580 просмотров

Шығыс Қазақстан облыстық сотта облыс прокуратурасы, полиция, әділет департаменттері, Экономикалық тергеу департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және ШҚО кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңы нормаларының бұзылуына жол бермеу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар сттардың бизнес субъектілеріне қатысты қылмыстық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауы бойынша мәселелер көтерілді.

ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Асқаржан Кенжегарин атап өткендей, сотқа дейінгі іс жүргізу органдары бизнес субъектілеріне қатысты қылмыстық істерді тергеу кезінде қателіктер жібереді.

«Сондай-ақ бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар аталған санаттағы істерді қарау кезінде қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын бұзады», – деп атап өтті ол.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Әлия Мұқашева соңғы уақытта әкімшілік жауапкершілікке тартылған немесе оларға қатысты әкімшілік жауапкершілік туралы іс қозғалған кәсіпкерлер жүгініп жатқанын айтты.

«Құқық бұзушылықтың субъективті жағы туралы сұрақ жиі туындайды, – деп түсіндірді Әлия Орынбекқызы. Алайда әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективті жағының болмауы дәлелдеу үшін басшылыққа алынатын құқық қолдану практикасы жоқ».

Кездесуге қатысушылар істерді жүргізу және ҚР Қылмыстық кодексінің баптарын қолдану бойынша пікірлері және тәжірибесін бөлісті.

Асқаржан Кенжегарин сотқа дейінгі сапалы тергеуді жүзеге асыру және соттардың бизнес субъектілеріне қатысты қылмыстық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауы және бизнес субъектілерін қылмыстық процеске негізсіз тартуға жол бермеу жөніндегі іс-қимылдардың өзіндік алгоритмін құруды ұсынды.

Жобаны әзірлеудегі объективті және айқын көрініс үшін бизнес субъектілерінің мүддесін қорғайтын тәжірибеші тарап ретінде адвокаттардың ұсыныстары қажет екенін атап өткен жөн.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер