Ұлытау облысында МЖӘ желісі бойынша заңнамадағы өзгерістер туралы талқыланды
Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында «МЖӘ негізгі ережелері» тақырыбында онлайн семинар ұйымдастырылды.
Палатаның саланы дамыту және жобаларды қолдау бөлімінің басшысы Маржан Жауеннің айтуынша, МЖӘ инвестиция тартудың маңызды құралы болып табылады.
– Семинар барысында МЖӘ бағытына қатысты Қазақстан заңнамасындағы соңғы өзгерістер қызу талқыланды. Жеке тақырыптық блокта жеке серіктестік бастамалары, МЖӘ жобаларының және жобаны іске асыруды бағалау тәсілдерін жетілдіру қарастырылды.
Семинарға қатысушылар МЖӘ дамытудағы жеке сектор бастамаларының рөлін талқылап, мемлекет пен жеке компаниялар арасындағы табысты серіктестіктің мысалдарын қарастырды, – деп атап өтті Маржан Әбдірашитқызы.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: