Ұлттық палатада мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері алдағы туристік маусымды талқылады
«Атамекен» ҰКП Төралқасының туристік сала комитетінің кезекті отырысы өтті.
«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков жиынды ашып, өңірлік палаталардың ТЖ салдарын жою бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы хабардарлады.
«Қазіргі кезде бірқатар өңірдегі су тасқынына байланысты ТЖ салдарын жою бойынша жедел штабтар жұмыс істеп жатыр. Су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу механизмінің жобасы әзірленді. Жобаны әзірлеу кезінде «Атамекен» ҰКП ұсыныстарын ескерелді. Механизм жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланған. Біздің өңірлік кәсіпкерлер палаталары туристік объектілерді қамтитын су тасқынынан зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінің тізілімін жүргізеді. Осы қиын-қыстау кезеңде қолдау көрсетіп отырған барлық азаматқа, бей-жай қарамайтын кәсіпкерлерге алғыс айтқым келеді. Біз «Күшіміз бірлікте» қорын ұйымдастырдық, қор шотына көмек қаражаты түсіп жатыр. Баршаңызға рахмет!» - деді Тимур Нақыпбеков.
Спикер қазіргі кезде төрт облыста су тасқынынан мүлігі бүлінген 22 туристік объект барын айтты. Олар бойынша комиссия залал көлемін есептеп жатыр.
Труситік сала комитетінің төрайымы Юлия Якупбаева табиғи апат салдарына қарамастан, сала қатысушыларына алдағы жазғы маусымға, Қытайдан туристердің келуіне дайындық бойынша қиын міндет тұрғанын атап өтті (2024 жыл - Қытайдағы Қазақстан жылы деп белгіленді), сондай-ақ Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жоспарланған.
«Қазіргі кезде көптеген маршрут су тасқынынан зардап шекті. Біз нақты салдарды бірнеше аптадан кейін ғана бағалай аламыз, ал келер маусым күтпейді. Осыған байланысты біз Үкіметке бизнес пен ҰКП-ның аса сұранысқа ие туристік маршруттарын түгендеу бойынша жұмысқа тартуды ұсынамыз. Мұндай жұмыс барысы бізге таныс, біз оны пандемия қорытындысы бойынша жасадық. Сондай-ақ, 2024-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің аумақтарында экологиялық туризмді дамыту жөніндегі жол картасына қол қойғаны үшін Туризм және спорт минситрлігі және Экология және табиғи ресурстар министрлігіне алғыс айтамыз. Жол картасы іс-шараларының орындалуын бақылау Премьер-министрдің орынбасарына жүктелген. Сондықтан ұлттық саябақтардағы интернет, қоқыс шығару, инфрақұрылым және овертуризм мәселелері тезірек шешілетініне сенімдіміз», - деп атап өтті Юлия Якупбаева.
Спикердің сөзін ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев қолдады. Оның айтуынша, туристік маусымға дайындықтың алғашқы қадамы объектілердің ағымдағы инфрақұрылымы және оның өсіп келе жатқан қажеттіліктерге сәйкестігін бағалау. Сондықтан қонақ үй және көлік секторының жағдайына, туристік орындарға көліктік қолжетімділікті дамытуға, туристік бағыттардағы қауіпсіздік пен қағидаларға сақтауға көп көңіл бөлінеді.
«Су тасқынына қарамастан, туристік ағынның айтарлықтай өсуі күтіледі. Біздің міндетіміз – барлық келуші үшін жоғары деңгейдегі сервис пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осыған байланысты әуежайлар, жергілікті атқарушы органдар және туристік қоғамдастық өкілдерімен тығыз байланыста боламыз. Біз қауіпті маршруттарда цифрландыруды қамтамасыз етуді жалғастыру бойынша ұлттық парктермен жұмыс істейміз. Бизнестің жедел мәселелерін шешуде ҰКП туризм комитетімен тығыз қарым-қатынаста боламыз», - деді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғымбаев туристік маршруттар мен ұлттық парктерден қоқыс шығару мәселесіне тоқталды. Сонымен қатар, ол туристерді экологиялық тәрбиелеудің маңызын атап өтті. Туристік саланың өкілдері спикердің дәлелдерімен келіседі.
Сондай-ақ, материалдық-техникалық базаны жаңарту және нысандарды жаңғырту маңызды міндет. Бұл шара келушілер үшін қызмет көрсету сапасы мен жайлылық деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Елордада 2024 жылғы 8-14 қыркүйекте өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру туралы көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров айтып берді.
Ауқымды шараға әлемнің 100-ден астам елінен 3000-ға жуық қатысушы келеді деп күтілуде. Әр елден келген 77 команда ұсынылған 20 спорт түріне қатысқанын растады. Іс-шаралар «Астана-Арена», «Алау» кешені, «Қазына» ипподромы, «Думан» кешені және басқа да стадиондардың алаңдарында өтеді. Қаланың 3-4 жұлдызды деңгейдегі 32 қонақ үйімен меморандумдар жасалды. Негізгі бағыттардың бірі 10 га жерде орналасқан Этноауыл болады, оның 4 га – автотұрақ орындары үшін қарастырылған.
«Басты міндет – сапалы спорт өнімін жасау. Көшпенділердің дүниежүзілік ойындарын өткізуге, ашылу және жабылу рәсімдерін ұйымдастыруға бюджеттен 8,5 млрд теңге қарастырылған. 100 мыңнан астам турист қатысады деп күтілуде. Бұл іс-шара қытайлық туристер мен басқа елдерден келген саяхатшылардың қызығушылығын тудырады. Билеттердің құны 3 доллардан 50 долларға дейін барады. Қазіргі уақытта 300-ден астам билет сатылып, сату уақытша тоқтатылды», - деді Наиль Нұров.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жобасын жүзеге асыруға туристік бизнестің де, спортшылар мен іс-шара қонақтарына қызмет көрсету саласының да көптеген өкілі қатысқандықтан, жиынға қатысушылар ауқымыда шараға қатысты көп сұрақ қойды.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұйымдастырушыларының мәліметінше, елордада сырттан және ел ішінен 100 мыңға жуық туристі қабылдау күтілуде. Алайда туроператорлық нарық пен қауымдастықтар қонақ үй қоры мен қаланың тамақтану орындарының қолда бар желісі туристердің күтілетін ағынын тиісті көлемде жаба ма, тамақтану орындарының ойындарына қалай қатысды, билеттерді сату қалай ұйымдастырылады деген ұйымдық мәселелерге алаңдайды. Сонымен қатар ҚР туроператорларымен өзара іс-қимыл қалай жүзеге асрылатыны нақты емес. Әуежайлардың реконструкцияда тұрғанын, сондай-ақ іс-шараға қатысушылар мен қонақтардың едәуір санын тасымалдау үшін әуе кемелерінің болуы ескеріле отырып, оның жұмысы мәселесі де проблемалы болып отыр. Осыдан сапалы автобус пен автомобиль көлігінің болуы мәселесі туындайды.
Бизнес өкілдері іс-шараға жұмсалатын шығындарды мүмкіндігінше қысқарту мәселесін бөлек талқылауды және ДКО-нфі кейбір шығындарын командалар арасында бөлу туралы келісуді ұсынды.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Өзін-өзі реттейтін қоғамдық тамақтандыру ұйымы» қауымдастығы нысанындағы ЗТБ және ЖК төрағасы Вероника Нұрпейісова ұйымдастырушылардың назарын ипподромдағы тамақтану орындарын ұйымдастыруға аударды. Ол жерде ең алдымен қоғамдық тамақтану ұйымдарының жұмысы үшін электр, су және кәріз өткізу қажет екенін атап өтті.
Сондай-ақ, қонақ үй бизнесінің өкілдері ынтымақтастық мәселесі бойынша ДКО ұйымдастырушылары бизнес-қауымдастықтар өкілдерінің пікірін ескермегенін атап өтті.
Қорытындылай келе, Туристік сала комитетінің төрайымы Юлия Якупбаева туристік маусымға дайындық – бұл саланың барлық қатысушысының бірлескен күш-жігерін талап ететін кешенді және көпжақты міндет екенін атап өтті.
«Біз кәсіби қоғамдастық ретінде Көшпенділердің дүниежүзілік ойындарына арналған іс-шараларды әзірлеуге белсенді қатысуға дайынбыз. Біздің алаң әрқашан келіссөздер үшін ашық, ДКО нарығымен тығыз ынтымақтастықта жай ғана спорттық іс-шара емес, қаланың дамуы мен елдің туристік ортасы үшін экономикалық драйвер бола алатынына сенімдіміз», - деп түйіндеді ол.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: