«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҰКП мемлекеттік органдар тарапынан Бизнеске әкімшілік қысым деңгейін зерттеуде

2024 жылғы 22 Сәуір
6083 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – Ұлттық палата) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі мен Ұлттық палата арасында 2022 жылғы 29 қыркүйекте бекітілген бизнесті қорғау жөніндегі бірлескен іс-шаралардың кешенді жоспарын орындау шеңберінде (2.24-тармақ) мемлекеттік органдар тарапынан Бизнеске әкімшілік қысым индексін есептеуді жоспарлап отыр.

Осыған байланысты кәсіпкерлік субъектілеріне онлайн-сауалнама нысанында сауалнама жүргізіледі. Сауалнама төмендегі сілтеме бойынша қолжетімді: https://forms.gle/818zYwr9aWzpjXgZ9

Аталған сауалнамада 19 сұрақ бар, ал толтырудың орташа уақыты – 15 минут. Осылайша, сауалнамадан өту көп уақытты талап етпейді. Сауалнаманы 2024 жылғы 5 мамырға дейін толтыруды сұраймыз.

Біз әрбір респонденттің жеке және жасырын пікіріне кепілдік береміз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер