«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Qazindustry» қарағандылық кәсіпкерлерге семинар өткізді

2024 жылғы 22 Сәуір
- Қарағанды облысы
4201 просмотров

Кәсіпкерлер палатасында бизнес-қоғамдастыққа арналған семинар өтті. Қазақстандық «Qazindustry» Индустрия және экспорт орталығының мамандары кәсіпкерлерге еңбек өнімділігін арттыру және отандық тауар, жұмыс, қызметті ілгерілетуге бағытталған бизнесті мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы айтты.

 Спикерлер қатысушыларға Қазақстандағы өнеркәсіптің жай-күйі туралы ақпарат берді.  2023 жылы еліміздің 20 өңірінен 435 кәсіпорын арасында сауалнама жүргізілді. Оған сәйкес кәсіпорындардың инженерлік-техникалық жұмыскерлері кәсіптік-техникалық білімі бар жұмысшыларға деген қажеттілігі анықталды. Бизнес нысандарының 40 пайызға жуығы инженерлік-техникалық қызметкерлерге аса мұқтаж. 38 пайызында кәсіптік-техникалық бағыттағы мамандарға сұранысы бар. Респонденттер арасында машина жасау, тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары арасында сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде сауалнамаға қатысқан барлық респондент кәсіпорындардың 78 пайызы өз қызметкерлерін оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға мүдделі екені анықталды. Жабдықтың тозу дәрежесі туралы мәселе өзекті. Компаниялардың шамамен 46 пайызы жаңартуды қажет етеді. Бұл көрсеткіш республикалық деңгейден 6 пайызға жоғары болып шықты.

«Qazindustry өнеркәсіп институты ретінде анықталған. Бұл құралды үкімет кәсіпкерлердегі түйткілді мәселелер, кедергілерді анықтау және оларды тез арада шешуге жәрдемдесу үшін әзірлеген. Сондай-ақ, осы институт арқылы белгілі бір мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылады. Qazindustry еліміздегі үш даму институтының бірі. Біз өнеркәсіпті өңдеу бөлігінде қадағалаймыз. Қазір өнеркәсіптің дамуы өзгерді. Егер алғашқы бағдарламалар елдің индустриялық дамуына бағытталған болса, қазір жоғары қайта бөлудің дайын өнімін өндірумен айналысатын кәсіпорындарға қолдау шаралары көрсетіліп жатыр. Енді минералды ресурстарды өндірумен айналысатын бизнеске емес, экспортталатын өнімді жоғары, орташа қайта өңдеумен айналысатын бизнеске қолдау бар. Үкімет оған қолдау шараларын жіберуге ұмтылып жатыр», - деп атап өтті «Qazindustry» АҚ өкілі Сергей Радаев

Орталықтың басты мақсаты –  еліміздің 20 өңіріндегі өнеркәсіп салаларының кедергілері мен проблемаларын анықтау. Талдау жүргізілгеннен кейін кәсіпорындардың салалық мәселелерін шешу жолдарын анықтауға болады. Қарағанды бизнесінің пікірін білу үшін қатысушы кәсіпкерлерге толтыру үшін егжей-тегжей сауалнамалар таратылды. Жауаптар Ұлттық баяндаманы қалыптастыруға негізделетін болады соның арқасында кәсіпорындардың проблемалары туралы Үкімет пен мемлекет басшысы хабардар етілетін болады. Басты мақсат - Қазақстандағы бизнесті дамыту жағдайларын жақсарту, сондай-ақ жаңа қаржылық және жүйелі шараларды қалыптастыру.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер