«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тұрмыстық газ баллондарға газ құюға тыйым салынады

2024 жылғы 19 Сәуір
- Түркістан облысы
3410 просмотров

Автокөліктер сұйытылған газ құю бекеттерінде тұрмыстық газ баллондарға газ құюға тыйым салынады. Сұйытылған көмірсутекті газды сақтауға арналған резервуарларда оның геометриялық көлемінің 85% дейін толтырылуы тиіс және рұқсат етілген деңгейінен  асып кетуін автоматты түрде болдырмау жүйесімен жарақтандырылуы қажет. Бұл жөнінде ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бөлімі басшысы Ерғали Мырзахметов облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен жиында мәлімдеді.

Түркістан қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау подполковнигі Фурхат Жолдасовтың сөзінше, газ құю бекеттері қауіпсіздік шарасын қатаң сақталуы тиіс. Газ қондырғыларын дұрыс пайдаланбау, ақауы бар газ жүйелерін пайдалану салдарынан газ иісінен ұлану фактілері орын алуда.

«Жалпы соңғы 5 жыл ішінде Түркістан қаласы аумағында автогаз құю және автожанармай құю бекеттерінде өрт, жарылыс, жану жағдайлары орын алмаған. Дегенмен, қазіргі жиналысымыздың негізгі өзекті шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі олар кәсіпкерлік нысандарда яғни автогаз құю бекеттерінде тұтынушыларға тұрмыстық пропан газ баллондарын заңсыз толтыру фактілері орын алуда. Осыған байланысты тұрмыстық газ баллондарын толтыруға жол берілмеуі керек»,- деді Фурхат Әкімжанұлы.

Басқосуға өңірлік кәсіпкерлер палатасы, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі, Түркістан қалалық бизнесті қолдау және туризм бөлімінің мамандары, Түркістан қаласындағы автогаз құю бекеттерінің иелері мен өкілдері қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер