«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық техника өндірушілерді қолдау фермерлердің мүддесіне нұқсан келтірмеуі керек

2024 жылғы 12 Сәуір
6108 просмотров

2024 жылғы 12 сәуірде «Атамекен» ҰКП АӨК комитетінің кезекті отырысы өтті. Онда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары әзірлеген заң жобалары және ҚР Үкіметі ұсынған ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту кезінде фермерлерді қаржыландыру тәсілдері қаралды.

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев отырысқа қатысушыларға депутаттар әзірлеген «Азық-түлік қауіпсіздігі» және «Агробанк құру туралы» заң жобаларын таныстырып, Азық-түлік қауіпсіздігі туралы заңның қабылдануымен Қазақстан ішкі аграрлық нарықты толықтыру үшін қажетті жағдай жасап, сұраныс пен ұсынысты болжай алатынын және мемлекет пен Агробизнес арасындағы өзара іс-қимылды сапалы жақсарта алатынын атап өтті. Депутаттың мәліметінше, аграршылар үшін жеке банк құру өндірушілер үшін арзан және ұзақ мерзімді несиенің қолжетімділігі мәселесін шешеді.

 АӨК көмитетінің мүшелері азық-түлік қауіпсіздігі туралы заң жобасын әзірлеу бойынша бастаманы қолдады. Олар шектеу шараларын енгізудің теріс салдары және нарықтық тепе-теңдікті сақтау қажеттілігіне назар аударды.

 «Кейінгі кезде уәкілетті органдар нақты деректерсіз, экспортқа тыйым салынған тауарлардың тізімін белгілейді. Бұл жайт фермерлерді тоздыратын нашар тәжірибе», – деді Қазақстан картоп және көкөніс өсірушілер одағының басшысы Қайрат Бисетаев.

 Спикер депутаттар азық-түлік қауіпсіздігі туралы заң жобасында экспортты да, импортты да реттеу мәселелеріне ерекше назар аударуы керек деп санайды.

 Агробанк құру мәселесінде АӨК одақтары қауымдастығының басшылары аграршылардың ұзақ және арзан айналым қаражаттарына қол жеткізуге мүдделілігін атап өтті.

«Қаржы секторы үшін жағымсыз салдарларды болдырмау үшін қаржы институттарын тарта отырып, Агробанк құру мәселесін зерделеуге жан-жақты қарау қажет», – деп санайды Астық одағының басшысы Нұрлан Оспанов.

Қазақстан картоп және көкөніс өсірушілер одағының басшысы Қайрат Бисетаев әріптесін қолдап, аграрлық және қаржы секторларының сарапшыларымен жұмыс тобын құруды ұсынды. АӨК кредиттік серіктестіктер қауымдастығының басшысы Эльмира Сағатова зерттеудің жеткіліксіздігіне байланысты Агробанк құру мәселесі ерте шешім екенін айтты.

 Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бірқатар қауымдастық үшін өзекті болды. Олар үкіметтің ауылшаруашылық техникасын субсидиялауды өзгерту жоспарлары фермерлердің жағдайын едәуір нашарлатады және ауылшаруашылық техникасы паркін жаңарту қарқынына әсер етеді деп санайды.

Фермерлер Үкімет шешіміне наразылығн білдірді.

Отандық техника өндірушілерді қолдау фермерлердің мүддесіне зиян тигізбеуі керек, дейді олар.

«Фермерлер шыққан еліне қарамастан, өзінің қаржылық мүмкіндіктері бойынша өздері үшін талап етілетін техниканы таңдауға құқылы», – деп сенеді АӨК комитетінің мүшелері.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері бұл өзгерістер Үкіметтің өнеркәсіптік саясатты дамыту туралы хаттамалық тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқанын түсіндірді.

«Атамекен» ҰКП АӨК комитетінің төрағасы Жигули Дайрабаев сөз сөйлеушілердің дәлелдерін қолдап, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің отырысқа қатысудан бас тартуына наразылығын білдірді.

 «Фермерлер үшін өзекті мәселелерді талқылауда мемлекеттік органдардың болуы маңызды. Комитеттің шақыруды елемеуі министрлікке жеткзілетін болады», – деді спикер.

 Жиын соңында АӨК комитетінің мүшелері Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынылған реформаларға өтпелі кезеңді белгілеу ұсынды. Ал депутаттар Жигули Дайрабаев пен Анас Бакқожаевқа мәселені ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында қарау ұсынылды.

Жигули Дайрабаев өз кезегінде  Ауыл шаруашылығы министрлігіне ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысына объективті ақпарат, оның ішінде қаралып отырған түзетулер бекітілген жағдайда аграршылардың шығындары бойынша есептер дайындауды ұсынды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер