«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ынтымақтастық меморандум

2024 жылғы 03 Сәуір
- Маңғыстау облысы
2212 просмотров

Бүгін Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев пен облыстық білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Білім саласы, оның ішінде кәсіптік бағдар беру мен дуальды оқыту – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Бизнес қоғамдастығының дамуы кадрларды даярлау сапасымен тікелей байланысты екені мәлім.

 

«Ауыл шаруашылығы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, өнеркәсіп және құрылыс, туризм және сервистік қызметтер, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, су үнемдеу және энергия көшу, сондай-ақ экономиканың басқа да әлеуметтік мәні бар бағыттарында білікті мамандар даярлау – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының кепілі десек те артық айтқан болмаймыз. Осыған байланысты, белгіленген бағыттарда нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін біз Маңғыстау облысының дуальды оқыту, техникалық және кәсіптік білім беру саласында адами капиталды дамыту бойынша өңірлік бағдарлама әзірлеуіміз қажет»,- деп атап өтті Рашит Мұстапаев.

Қазір Маңғыстауда 26 колледж бар. Онда 21 мыңдай студент білім алуда.

«Осы кезде дейін де екеуара байланысымыз нығайып келеді. 213 серіктеспен келісімшарт жасауға септігін тигізді. Кәсіпорындарда тәжірибеден өтуге айтарлықтай үлес қосып отырсыздар. Кәсіпкерлер тарапынан жұмысты күшейтуге, материалдық техникалық базаны жаңартуға көмектесіп, кадрлардың сапасын арттыруға қолдау болады деп сенеміз»,- дейді Динара Жұмашева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер