«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Еуразиялық интеграцияның оң нәтижелері бар

2014 жылғы 15 Мамыр
3357 просмотров

ЕЭО туралы келісім енді қазақ тіліне аударылады, деп хабарлайды 24kz.

Одақ бойынша түрлі ой айтылғанымен, бұл бастама қай елдің болмасын экономикасына серпін берері анық. Көршілес елдермен қарым-қатынас жасамаған мемлекеттің саясаты да, экономикасы да қауқарсыз болатыны белгілі. Сондықтан бүгінгі қоғам жаңа кезеңге қадам басып интеграция үдерістеріне жүгінуде. Сарапшылар жаһандану заманында бұл бастамадан еліміздің ұтатыны болмаса ұтылатыны жоқ деп отыр. Оған Кедендік одаққа мүше мемлекеттер арасындағы көрсеткіш дәлел. Кедендік одақ аясында Қазақстан, Ресей, Беларусь елдері арасындағы тауар айналымы 2013 жылы 87,6%-ға өсіп, 24,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл осыдан 3 жыл бұрыңғы көрсеткішпен салыстырғанда әлдеқайда көп. Экспорт 5,9 млрд. АҚШ доллары болса, импорт 18,4 млрд. АҚШ долларына жетті. Сыртқа шығарылған кондитерлік өнім 9 есеге өсіп, 35 млн. АҚШ долларынан асты. Еуразиялық экономикалық одақ бастамасын көтерудің басты мақсаты – елімізге инвестиция  тарту. Өңдеуші өнеркәсіпке құйылған қаржы 88%-ға өскен. 2009 жылы ол 1,8 млрд. АҚШ доллары болса, 2012 жылы 3,4 млрд. АҚШ долларына жетті. Тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі де 34-%-ға артты. 2009 жылы ол 21,4 млрд. АҚШ доллары болса, араға жылдар салып, 2012 жылы 28,3 млрд. АҚШ долларына жетті. «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның бас сарапшысы Таир Қуанышев – Еуразиялық интеграцияның берері мен аларын әбден зерттеген маман. Ол ең алдымен бұл қадам отандық кәсіпкерлердің жаңа тынысын ашады деп отыр.

Таир Қуанышев, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ бас сарапшысы:

- Қазақстандағы кәсіпкерлерге артықшылық ретінде салықтың төмендігін айтуға болады. Әсіресе, қосымша құн салығының төмендігін айту керек. Қазақстанда ол тек 12%-ды құрайды. Әкімшілік кедергілер де алынып тасталды. 

Елімізге келіп, қомақты қаржысын өндіріске салып, кедергісіз жұмыс істеймін деген шетелдік инвесторлардың саны артып келеді. Ол өз кезегінде елімізде оңтайлы бизнес климат қалыптасқандығын аңғартады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер