«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнестің жаңа мүмкіндіктері

2024 жылғы 10 Сәуір
- Ұлытау облысы
6129 просмотров

Кәсіпкерлердің, екінші деңгейлі банктердің және мемлекеттік қорлардың бірігуі — бизнестің дамуына әрдайым оң әсерін береді. 

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер алаңында өткен облыс ӨКП басшылығының, "Банк ЦентрКредит" АҚ Банк филиалының, "Damu" қорының және өңірдің кәсіпкерлерінің кездесуі барлық тараптар үшін көптеген жаңа мүмкіндіктер ашты. 

Іс-шараны ашқан Палата директоры Гүлмира Қаженова өңірдің экономикасын дамытудағы кәсіпкерлік сектордың маңызды рөлін атап өтті.

"Банк Центр Кредит” және "Damu" қорының өкілдері өз өнімдері мен несие портфельдері туралы айтты.

БЦК директоры Ұлбазар Сәрсенова Қазақстандағы алғашқы IronCard тот баспайтын болаттан жасалған премиум картасымен таныстырды. Ол 4% - ға дейін кешбэк, тегін аударымдар, карта иесі мен отбасы мүшелері үшін 2,5 млн долларға дейін сақтандыруды қамтамасыз етеді. Көптеген кәсіпкерлерді лизингтік бағдарламалар мен несиелеудің жеке желілері қызықтырды. 

ӨКП шағын және орта бизнесті дамыту бөлімінің бастығы Дана Есембекова көрсетілген қызметтер мен кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етті. 

- Палата жұмысының арқасында өңірде ШОБ-ты жан-жақты дамыту жүргізілуде, - деп атап өтті Дана Қайратқызы.

Кәсіпкерлер өз кезегінде іс-шараны ұйымдастырушыларға көптеген жаңа және пайдалы ақпаратты білуге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.

Кездесу соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
 




 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер