«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жангелдин ауданында бизнеске келтірілген залалды бағалау процесі басталды

2024 жылғы 05 Сәуір
- Қостанай облысы
7180 просмотров

Жедел штабтың құрамына кіретін Жангелдин ауданы кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Айдар Жамансарин бизнес залалды бағалау рәсімін ресімдеу үшін палатаның филиалына жүгініп жатқанын айтты.

Мысалы, Жаркөл ауылдық округінде, Тәуш ауылында Сарыарқа кафесі жартылай қираған. Бизнес иесі Алуа Сармухамбетова ауданның кәсіпкерлер палатасының филиалына хабарласып, комиссияға су тасқынынан келтірілген залал бойынша фото және видео материалдар ұсынды. 

Әрбір кәсіпкермен бизнеске су тасқынынан келтірілген залалды өтеу тетігін түсіндіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу үшін қаражат жергілікті атқарушы органдардың резервінде көзделген, - деп еске салды Айдар Жамансарин. 

Алдын ала деректер бойынша Жангелдин ауданында 17 бизнес нысаны зардап шекті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер