«Атамекен» ҰКП көмек көрсетуге дайын: 1432 байланыс орталығы жұмыс істеп тұр
Су тасқыны салдарынан мүлігі бүлінген кәсіпкерлер консультациялық көмек алу үшін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына жүгініп жатыр. 1 сәуірдегі жағдай бойынша өңірлік кәсіпкерлер палаталарына 100-ден аса өтінім түскен.
Кәсіпкерлер форс-мажор жағдайы туралы куәлік беру туралы өтініш түсіруде. Мұндай құжат табиғи апат, эпидемия, шекара жабылуы, өрт және басқа да жағдаяттар салдарынан келісімшарттық міндеттемелерді орындау мүмкін еместігін растайды.
Кәсіпкерлердің өтінімдеріне уақытылы әрекет ету үшін өңірлік кәсіпкерлер палаталарының басшылары су тасқынына қарсы облыстық жедел штабтар жұмысына жұмылдырылды.
Су тасқыны салдарынан бизнес субъектілеріне келтірілген залал көлемі нақтыланып жатыр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: