«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Туристік кластерді дамытуға қалай көмектесуге болады

2024 жылғы 01 Сәуір
- Ұлытау облысы
6833 просмотров

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында облыста туристік кластерді қалай дамытуға көмектесу, келушілерді қалай қызықтыру, шетелдік қонақтар үшін жоғары санатты демалысты қалай енгізу және тарихи - мәдени мұраны қалай сақтап қалу керектігі жайлы талқыланды.


Салалық Туризм кеңесі сарапшыларының пікірінше, аймақ бай тарихы мен түрлі көрікті жерлерінің арқасында дами алады. 

 

— Туристер аралау үшін Алашахан кесенесіне, Жошы хан тарихи-мәдени кешеніне, Домбауылға, Теректі-әулие қасиетті орындарына және басқа да көптеген тарихи ескерткіштер бар, – деп атап өтті туризм жөніндегі кеңестің төрағасы Ернар Смағұлов.


Салалық кеңес мүшесі, "Altyn ORDA HANDYGY" Ұлытау облысының туризм, спорт және Ұлттық спорт қауымдастығы " ЗТБ Атқарушы директоры Абдуалис Құрманғазының айтуынша
жазғы маусымда ғана емес, келушілер үшін жайлы қонақжайды қамтамасыз ету үшін қонақ үй кешендерін, мейрамханаларды және туристік маршруттарды қоса алғанда, инфрақұрылымды жыл бойы дамыту маңызды. 

Жергілікті көрікті жерлерді ілгерілету, ақпараттық брошюралар, веб-сайттар және аймақтың табиғи және мәдени көрікті жерлеріне назар аударуға бағытталған жарнамалық науқандар жасау жақсы көмек болады.

Туристік агенттіктермен ынтымақтастық және қызметкерлерді оқыту да оң нәтиже береді. 
Отырыс барысында Ұлытау облысының туристік агенттіктерінің тізімін құру және кәсіби гидтердің жұмысын жолға қою ұсынылды.
Алтын Орданың құрылғанына 800 жыл толуына орай ұсыныстарды нақтылауға ерекше назар аударылды. 
 

 


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер