«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Петропавлда бөлшек салықтың мөлшерлемесі төмендетілді

2024 жылғы 28 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
7622 просмотров

 Солтүстік Қазақстан кәсіпкерлерінің өтініші орындалды. 27 наурызда Петропавлда өткен қалалық мәслихаттың сессиясында депутаттар бөлшек салық мөлшерлемесін 4-тен 3%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

Өткен жылдан бастап шағын бизнес өкілдері Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, салық режимін жеңілдетуге ұмтылды. Олар бұл мәселені «Атамекен» ҰКП басшылығы, сондай-ақ облыс әкімінің қатысуымен түрлі алаңдарда мәселені көтерді. Кәсіпкерлер бөлшек салықты екі есеге – 2%-ға дейін төмендетуді сұрады.

 «Естеріңізге сала кетейін, облыс орталығында мәселе 19 наурыздан бастап қозғала бастады. Содан кейін қалалық Қоғамдық кеңестің мүшелері мөлшерлемені төмендетуге дауыс берді. Бірақ, сұралғандай 2%-ға дейін емес, 3%-ға дейін төмендетуге қол жеткіздік. Кәсіпкерлер бұған қуанышты. Ал кеше бұл мәселені депутаттар дауыс беру арқылы қолдады», - деп атап өтті СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Есжан Оразалин.

Бұған дейін СҚО ӨКП директорының орынбасары Марат Ысқақов атап өткендей, мәслихаттардың өзі шешім қабылдай алмайды, олар Мемлекеттік кірістер органдарынан немесе әкімдіктен тиісті шешім күтуде.

«Наурызың басында облыс басшылығы бұл мәселеде кәсіпкерлерді қолдап, жауапты мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар жолдады. Бұған дейін «Ғайрат Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасы, кәсіпкерлер палатасы мен төрт қауымдастықтың сараптамалық қорытындысы алынған болатын. Депутаттар 2024 жылға арналған мөлшерлемені төмендету туралы шешімді 31 наурызға дейін қабылдай алады», - деп атап өтті Марат Ысқақов.

Жоба Электрондық үкімет сайтында, қала әкімдігінің ресми сайтында «Ашық НҚА» бөлімінде жарияланды және Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде келісуден өтті.

 31 наурызға дейін бөлшек салық мөлшерлемесі облыстың үш ауданында – Тайыншада - 2%-ға, Тимирязев және Есілде - 3%-ға дейін төмендетілді.

Еске салсақ, бөлшек салықтың арнайы салық режимі ретроспективті түрде енгізіліп, 2023 жылдың басынан бастап күшіне енді. Мұндай салықты жұмыскерлерінің саны 200 адамнан аспайтын, ал табысы күнтізбелік жылға 2,1 млрд теңгені (600 мың АЕК) құрайтын кәсіпкерлер қолдана алады.

Бөлшек салықты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған 364 Қызмет түрінің біреуін немесе бірнешеуін ғана жүзеге асыратын бизнес субъектілері қолдана алады. Олардың ішінде бөлшек сауда, автомобильдер, киім-кешек пен жиһазды жөндеу, ағаш ұстасы, сырлау және сылау жұмыстары, такси қызметтері, қоғамдық тамақтану және басқа да қызметтер бар.

Бөлшек салықтың арнайы салық режимі үшін жеке тұлғаларға және 8%, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға сату кезінде 4% мөлшерінде салық мөлшерлемесі белгіленеді. Бұл ретте бухгалтерлік есеп бөлек жүргізілуі тиіс. Бұл ретте мәслихаттарға бөлшек салық мөлшерлемесін екі есе төмендету құқығы берілді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер