«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Дәрі-дәрмекті сатуды бақылау күшейе түседі

2024 жылғы 27 Наурыз
- Батыс Қазақстан облысы
6078 просмотров

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап бөлшек сауда объектілерінде дәрілік заттар цифрлық таңбалау болған кезде ғана халыққа сатылатын болады. БҚО кәсіпкерлер палатасында дәріхана ұйымдары өзгеріске қалай дайындалуы керек екені туралы айтылды.

 «Атамекен» өңірлік палатасы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің облыстық департаментімен бірлесіп, дәріхана иелері үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің облыстық департаменті жанындағы фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға баға мониторингі бөлімінің басшысы Жәмиля Мадимарова қағаз тіркеуден цифрлық форматқа көшу медициналық препараттардың айналымын түпкілікті тұтынушыға дейін толық бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп айтты.

Қазіргі кезде таңбалауға және қадағалауға жататын тауарлардың тізіміне 90-ға жуық дәрі-дәрмек атауы кірді. Республикада барлығы 7000-нан астам дәрілік зат тіркелген.

«Орал қаласы бойынша дәрілік заттарды өндірушілер дистрибьюторларының төрт филиалы бар. Дистрибьюторлардан дәрі-дәрмектерді қабылдау-беру актісімен бөлшек сауда субъектілеріне беріледі. Өз кезегінде олар сатып алушыларға «үздік өнім» мобильді қосымшасы (тауарлардың түпнұсқалығын тексеруге арналған қосымша) арқылы жіберіледі. «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлерінің айтуынша, қосымша сәуір айына дайындалады», - деді Жәмила Мадимарова.

Спикер кәсіпкерлерге жүйеде тіркелу үшін қандай іс-әрекеттер жасау керегін түсіндірді. Сонымен, заңды тұлға басшысының немесе жеке кәсіпкерліктің ЭЦҚ-сын қолдана отырып, Ismet операторының ақпараттық жүйесінде тіркелу керек, содан кейін Есептік жазбаны оператор жүйесімен интеграциялау қажет.

Дәріхана иелеріне дәрілік заттарды сату нүктелері деректерді жинау үшін 2D сканерлер және терминалдармен жабдықталуы керек деп ескертті. 2D сканердің құны 22 мың теңгеден 90 мың теңгеге дейін барады. Терминалдардың бағасы 110 мың теңгеден басталады. Фармацевтикалық бақылау қызметкерлері бүгінде әр кәсіпкердің онлайн-кассасы және штрих-кодтарды сканерлеу мүмкіндігі бар екенін байқады.

Таңбалауға 2024 жылғы 1 шілдеден бастап өндірілген препараттар жатады. Цифрлық таңбалау рәсімінсіз дәріханалар өндірушілерден дәрілік заттарды ала алмай, оларды халыққа жібере алмайды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар бұл саясаттың мақсаты қауіпсіз және сапалы дәрілік заттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы азаматтардың денсаулығын сақтау екенін атап өтті. Жаңашылдық жалған және контрафактілік фактілер, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттарды босату немесе сақтау бойынша бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ шекті бағаларды асыра бағалаудың тиімділігін қамтамасыз етеді.

Жиында ұйымдастырушылар кәсіпкерлерге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды таңбалау жөніндегі талаптарды тұрақты негізде сақтамау қызметті тоқтата тұруға дейінгі әкімшілік жауапкершілікті көздейтінін ескертті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер